Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің залдарында біздің ұлттық мерекеміз – Қазақстан Республикасы күніне арналған музей қорынан графика көрмесі ашылды!
Біздің республика, біздің ел – біздің үйіміз, жеріміз және онда тұратын адамдар. Бұл әр күн – өмірге, қуаныш пен қайғыға, қиындықтар мен жетістіктерге, үлкен де, кіші де табыстарға толы. Мұның бәрі оны ерекше, жақын және қайталанбас етеді. Еш жерде мұндай аспан, мұндай жер және мұндай адамдар жоқ. Отанға деген сүйіспеншілік – махаббат. Бүгінгі «Мемлекет – Біз бен Сіз!» көрмесінде ұсынылған әрбір жұмыста көрермен Отанға, туған жерге деген махаббат, оның халқына деген таңданыс пен сүйсіну сезіміне бөлене алады.
Белгілі қазақстандық суретші-график Н. Өтепбаевтың, С.Романовтың, Е. Сидоркиннің, К. Барановтың және басқалардың туындылары кәдімгі нәрселер жайлы, суретшілердің өмірдің қарапайымдылығына, бірақ маңызды сәттеріне деген зор сүйіспеншілігі мен зерделілігі туралы баяндайды. Тіпті олардың шығармаларының атаулары: «Қазақстан жерінде», «Береке», «Немере», «Шаңқай түс». Сюжеттер де қарапайым және жылулыққа толы. Міне, гүлденген алма ағашының панасында сәбиін тамақтандырып отырған ана немесе алыс таулар мен шексіз аспанның аясында ат үстінде отырған еркін шопан, алыстау жерде көпті көрген ақсақалдар өздерінің өмірлері жайлы әңгімелесуде, сәл ары қарай қария кішкентай немересін есекке мінгізіп, жайбарақат кетіп барады.
Бұл көрме өз көрерменін күтеді. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адамдарды.