Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған
«Менің Абайым» атты
балалар бейнелеу шығармашылығының қалалық онлайн-конкурсы
Абай Құнанбайұлының тұлғасы мен шығармашылығы біздің қаламыздың, өлкеміздің, еліміздің, бүкіл қазақ халқының тарихында маңызды рөлге ие. Абайдың шығармашылығы бізге бай мұра болып табылады. Біз қазіргі уақытта Абай көшелерімен жүріп, алаңдарымен серуеңдейміз, Абай атындағы кітапхана мен театрға барамыз, Абай Құнанбайұлы мұражайында оның өмірі мен шығармашылығын зерттейміз. Оның шығармалары, еңбектері, қара сөздері — әлемнің көптеген ұрпақтары үшін сарқылмайтын білім мен даналықтың көзі.
Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі ақын, ағартушы, ойшылдың 175-жылдығына арналған «Менің Абайым» балалар бейнелеу өнері шығармашылығының конкурсын жариялайды.
Байқауға 6-17 жас аралығындағы БКМ, БӨМ, көркем студиялар мен үйірмелердің оқушылары қатыса алады.
Барлық қатысушылар жас категорияларына бөлінеді:
- 6-8 жас
- 9-11 жас
- 12-14 жас
- 15-17 жас
Сіздерге шығармашылық жұмыстардың бірнеше тақырыптарын ұсынып отырмыз:
«Абай Құнанбайұлының образы» (портрет, ақынның өмірін бейнелейтін сюжеттік композиция)
«Абай жерінде» (пейзаж)
«Даналық жолымен» (автордың шығармаларына иллюстрациялар)
Материалдар мен техника: жұмыс кескіндеме, графика, мүсін (бірнеше ракурста) немесе кез келген сәндік-қолданбалы техникада орындалуы мүмкін. Кез келген қол жетімді материалдарды (акварель, гуашь, майлы бояу, қарындаштар, пастель, гипс, батик және т.б.) қолдануға болады.
Жұмыстарды қабылдау. Конкурс онлайн өтіп жатқандықтан, Сіздер жоғары сапалы, өңделмеген, jpeg форматында жарық дақтарсыз түсірілген фотосуреттерді жіберулеріңіз керек. Көлемді жұмыстарды (мүсіндер мен бұйымдар) жақсы жарық арқылы бейтарап бір түсті фонда суретке түсіру қажет. Фотосуретке автордың аты-жөні, жасы, сондай-ақ жұмыс атауы, қолы қойылуы тиіс. Барлық фотосуреттер ұйым атынан бір хатпен жіберіледі. Хат сондай-ақ ұйымның атынан қатысуға өтінімді қамтуы тиіс (1-қосымша).
Жұмыстарды қабылдау мерзімі 2020 жылдың 29 мамырына дейін.
Өз жұмысыңызды мына электрондық мекенжайға: olga_uchilka@inbox.ru жіберіңіз.
Қорытындылау. Қазылар алқасы конкурс жеңімпаздарын санаттар бойынша анықтайды. Конкурс қорытындысы мен үздік жұмыстар музей nevzorovcollection.org сайтында және әлеуметтік желілердегі музей сайтының беттерінде 2020 жылдың 1 маусымында жарияланады. Үздік жұмыстардың авторлары құрмет грамоталарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
Карантин аяқталғаннан кейін Невзоровтар музейінің залдарында конкурс қорытындысы бойынша көрме өтеді. Осыған байланысты барлық жұмыстарыңызды сақтауларыңызды сұраймыз және карантин аяқталғаннан кейін оларды музейге тапсыруды өтінеміз. Көрме аяқталғаннан кейін барлық жұмыстар қатысушыларға қайтарылады.
Ұйымдастыру сұрақтары бойынша 8 705 6725489 телефоны арқылы Неудачина Ольга Андреевнаға хабарласыңыз.