Жаңалықтар

   Міне, «Менің Абайым» конкурсының қорытындысын шығаратын кез келді. Екі ай бойы біздің қатысушылар өздерінің көркем туындыларымен жұмыс істеді. Олар көркем жұмыстарын әртүрлі техникаларда: суреттен бастап кескіндемеге дейін, гобеленден бастап пирографияға дейін, мүсіннен бастап макеттеуге дейін көрсетті.

Биыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығының тақырыбы бұрынғыдан да өзекті. Бұл бұрыннан таныс өте танымал сюжеттер сияқты болуы мүмкін, бірақ баланың көзімен және оның жүрегімен сезінген, жүректің  ең терең қылын тебіреңтеді. Бұл жазық дала кеңістігінің жан толғандыратын пейзаждары, ақ киіз үйлер  және су жағасында бас алмай, еркін жайылып  жатқан жылқылар табыны. Абай шығармаларын суреттейтін жұмыстарда әдемі. Оның жыл мезгілдері туралы қайталанбас циклі немесе даналыққа толы «Қара сөздері».  Бірақ ең танымал тақырып – ол ақынның бейнесі. Біреу оның бала кезіндегі образын бейнелесе, ал біреуі терең ойға шомған қарттың бейнесін жазған. Кітап — композицияның элементі, ол әрдайым оның қасында.  Ол оның жалғасы іспеттес. Бір суретте Абай кітап оқып тұр, ал екіншісінде өлең жазу үстінде. Ал бұл шындық.  Бұл ұлы адамның мұрасы біздің кітап сөрелерімізде сақталуда.

Біздің конкурсқа қалалық көркем студиялар ғана емес, сонымен қатар аудандық мектептердің шығармашылық үйірмелері да қатысқандары өте қуантады. Бұл тақырып әлі күнге дейін өзекті екенін тағы да дәлелдейді!  Біз барлық қатысушыларға осы қиын кезеңде байқауға қатысу үшін уақыт пен шабыт таба алғандарына алғысымызды білдіреміз!

Балалар шығармашылығын бағалау өте қиын. Сондықтан біз өз назарымызды шынайы шығармашылық жұмыстарға аударуға тырыстық, онда автор өз көзқарасын көрсетуге тырысқан және бұл ретте тиісті күш-жігерін салып жазған.  Біз қатысушылардың әрқайсысын атап өткіміз келеді, бірақ онда бұл конкурс болмай қалады. Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз:

Кайрат Мади

Лебедева Виктория

Мухамедова Айлана

Смаилова Арина

Ушакова Елизавета

Аманжол Дайана

Бауэр Маргарита

Бектурова Балжан

Бутина Надежда

Ермекова Аружан

Платонов Иван

Аскербеков Сабыржан

Кантаева Диана

Кузнецова Любовь

Мухамедиярова Алтынай

Амренова Алсу

Кайраткызы Алуа

Кобентаева Нурай

Лаврова Елизавета

Танабек Газиза

   Қатысқандарыңыз үшін тағы да алғыс айтамыз! Сіздерге шығармашылық табыс, шабыт және ешқашан өз-өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпауынызға тілектеспіз! Марапаттау рәсімі карантин аяқталғаннан кейін өтеді. Біз жетекшілеріңізбен міндетті түрде хабарласамыз.