АраласуЖаңалықтар

Қазақстан, Семей қаласы (Семипалатинск)
Невзоровтар отбасы атындағы
Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейі
«Музейдегі түн-2017» акциясы аясында
«ӨМІРДЕН КӨЗ ЖАЗЫП ҚАЛМА!»
халықаралық көркемсурет жобасын өткізу туралы хабарлайды

Конкурс ережесi (.pdf)

Қатысушы сауалнамасы (.doc)

«ӨМІРДЕН КӨЗ ЖАЗЫП ҚАЛМА!» халықаралық әлеуметтік-көркемсурет жобасы музей тәжіребесінде өткізілетін алғашқы жоба. Біз белсенді өмірлік ұстанымды алға қойып, біздің әрбіреумізге тікелей немесе жанама түрде қатысты қоғам өміріндегі ең маңызды, әлеуметтік проблемаларды шешуге қолдан келерлік үлесімізді қосуға шештік.

Айналамыздағы әлем үнемі өзгеріс үдерісінде, қоғамдағы  басымды және саяси жағдайлар өзгеріп, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында азаматтардың белсенділігі артуда. Осындай түбегейлі өзгерістер себептерінің бірі қоғамның үлкен бөлігінің  ақпараттық қызметтерді тұтынуының  ұлғаюы. Барлық мәселе жағымсыз ақпарат үлесінің көптігінде, қоғамдық зардабының салдары жоғары болуы мүмкін.

Баршаға мәлім, мәселенің салдарымен күресуден гөрі себебімен күресу әлдекайда тиімді.  Осы әлемдік ретіндегі маңызды проблемаларды шешуде еуропалық елдердің бірқатар тәжірибесі «коммерциялық емес» әлеуметтік өнімнің  пәрменділігін  көрсетеді.  Қазақстанда әлеуметтік жарнама  әлі қалыптасу кезеңінде.

Біз өз таңдауымызды коммерциялық емес, әлеуметтік плакатқа тоқтаттық, оған қоғамның әлеуметтік қажеттіліктерін сезіну, оқиғалар «кіндігінде» табылу, адамның «жанды жеріне» тию, эмоция тудыру, маңыздыны бейнелі, қолжетімді және қысқаша ғана жеткізу  тән.  Әлеуметтік «коммерциялық емес» плакат адамзаттың басты құндылықтар бағдарларын жылжытуда шексіз мүмкіндігі бар, жаңа гуманистік мақсаттарды, тіпті азаматтық қағидалар тұрғысын қалыптастырудың жаңа ресурсы болып табылады.   Ол жағымды, жақсы энергияны қалыптастырушы. Неғұрлым әлеуметтік мәннің үлесі БАҚ өнімдерінде, біздің көшелерде, әлеуметтік желілерде көп болса және біздің тұрақты емес кезеңде адамда позитивтік серпілісті оятатын, адамға деген бей-жай емес қарым-қатынасын қалыптастыратын идеялар тез жетсе, сол ғұрлым қоғам берік бола түседі.

Біз суретшілер мен дизайнерлерге, шығармашылық кәсібінің өкілдеріне, белсенді және дарынды, әр нәрсеге ыңтызар болуға құштар адамдарға хабарлаймыз!

Әр нәрсенің пайымына жету бойынша пікірлерін өткір және жаңаша түрде жеткізуге, тіпті біздің көрерменіміздің айналасында болып жатқан оқиғаларға бір сәт көз тастауға, ойлануға, мүмкін қасындағы жақын адамына қол ұшын беруге ниетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеуге ұсынамыз. Плакат – үлкен тарихы бар шынайы және пәрменді өнер. Кел, осы  тамаша дәстүрді жалғастырайық және әлемді бейбітшілік нышанына толтырайық!

Сонымен қатар, көрменің орталық оқиғасы — әлеуметтік плакаттан басқа, музей бірқатар жарқын оқиғалардың алаңына айналады: арт-нысандар құру,  көркем акциялар, перформанстар, қайырымдылық іс-шараларды, ойын-сауық концерттік бағдарламалар өткізу.

Студенттік жастар арасынан ниет білдіргендер  ерікті көмекшілер ретінде шақырылады. Көркемөнер зиялыларымен қарым-қатынас сіздің ой-өрісіңізді кеңейтіп, үлкен іске ортақтастығыңызды білдіреді.

P.S.

Құрметті авторлар! Бізге сайыстың нақты тақырыптары жайлы сұрақтар түсуде.

Тақырып негізі — Өмірден көз жазып қалма!

Адам! Сен дүниеге келдің, саған өмір берілді көз жазып қалма! Өмір сүр, жақсы көр, бақытты бол және сол үшін күрес!

  1. Біз- жер платетасының тұрғындары, біз қайталанбаспыз. Бізді тек махаббат сақтайды.
  2. Экологияның өзекті мәселелері. Сенің балаларың және немерелерің қай әлемде өмір сүреді, ойланып қарашы? Жануарлар әлемін және  табиғатты сақтап қалу.
  3. Балаларды сақтаңыздар! Балалар және интернет кеңістігі. Балалар және ересектер. Жетім балалар. Жасөспірімдерге психологиялық көмек.
  4. Денсаулық мәселелері: онкология, наркомания және т.б.
  5. Ата – ана және біз. Мемлекет және қарттар
  6. Жанашырлық. Біздің қанымыз бір. Нәсілдік кемсітушілік.
  7. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Терроризм, тұрмыстық жәбірлеу.
  8. Коррупция – біздің жауымыз.
  9. Қазақстанның нағыз батырлары. Қазақстанды кім ілгері жылжытады және адамдардың өмірін кім сақтайды.
  10. Ұлттың IQ-ы қандай? Білім тақырыбы: музыка, әдебиет, тарих, ғылым. Мәдениет пен  тарихқа мұқият көзқарас – өз біліміңді ғана толықтырып қоймай, әлемдік ағымның бір бөлігі болып, әлемге өз «ізіңізді» қалдыру.
  11. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың денсаулығын жақсарту және  жайлы орта жасау.
Сайысқа қатысуға ниет білдірген адамдардың саны үлкен болуына байланысты, ұйымдастыру комитеті қабылдау өтінімдердің мерзімін 15.04.2017 дейін ұзарту туралы шешімге келді.