Жаңалықтар

Абай облысындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі өз қорларында ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл көбінесе отандық суретшілердің шығармашылығына қатысты. Олардың туындылары зерттеледі, әр кескіндемешінің, график-суретшінің немесе мүсіншінің өмірі мен шығармашылық ізденістері туралы мәліметтер жиналады. Бұл ақпараттың барлығы каталогтарда және басқа басылымдарда жинақталған, өкінішке орай, әр түрлі себептерге байланысты бәріне бірдей қол жетімді емес. Ал отандық шеберлер туралы Бейнелеу өнері және Технология мұғалімдері міндетті түрде білуі керек! Өйткені, олар арқылы, мұғалімдер арқылы, мектептегі сабақтарда жүйелі қарым-қатынаста балалар көркем шығармашылықтың негіздерін біліп қана қоймай, туған ел мен туған өлкенің көркемдік өмірі туралы алғашқы түсінік алады. Әрине, мектеп оқушылары музейге барып тұрады. Мұнда олар отандық шеберлердің суреттерімен танысады. Бірақ жас көрерменнің ой-өрісі біршама дайын болған кезде, ол суретке сәл басқаша көзқараспен қарайтын болады. Сонымен қатар, мұғалімдер балалармен үнемі, жыл бойы бірге болады, ал балалар музейге жиі келе бермейді, көбінесе жылына бірнеше рет қана барады және де әрдайым экскурсиямен бола бермейді. Оқушылар әр түрлі шығармашылық сабақтарға баруға дайын. Бірақ, туған өлкенің мәдени өмірі туралы білу кез-келген білімді адам үшін маңызды. Бұл мәселеде мектеп оқушыларын оқытуда негізгі рөл Бейнелеу өнері және Технология мұғалімдеріне жүктеледі.

Осы себепті «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастырған «Дизайн және көркемдік модельдеу саласындағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру»  курсының тыңдаушы-мұғалімдері музейде «Семей суретшілері» атты дәріс тыңдап, реставрациялық шеберханасында болды. Виктор Белослюдов сияқты алғашқы кәсіби шеберлерден бастап қазіргі заман шеберлері мен өте жас суретшілерге дейінгі қаланың көркемдік өмірі тарихының жүз жылдық кезеңін тыңдаушыларға музейдің ғылыми және көрме жұмысы бөлімінің басшысы Ильвира Ахметжанқызы Халитова айтып берді.

Әр суретшінің ерекшелігі неде, оның шығармашылығы көрермендер мен әріптестердің естеліктерінде қалай бейнеленген, университеттің көркемсурет және графика факультетінің оқытушылары кім болған және қандай дәрежеге жетті, қазір жас суретшілер немен өмір сүреді – слайдтарда айтылған және көрсетілген барлық нәрсе бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес.

Отандық суретшілердің көптеген туындылары қазір музей қорында сақтаулы. Кейде оларға «білікті көмек» қажет. Егер картина бүлінсе, оны музей реставраторы құтқарады. Сондықтан оның шеберханасына бару мұғалімдерге де көп нәрсенінің мән-жайын ашты.

Осы ауқымды музейлік тарихи экскурсияның барлығы дәріскер және курс жаттықтырушысы Васина Елена Николаевнаның ұйымдастырушылық күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. Дәріс өте қызықты өтті және оның ұйымдастырушысы арқылы ең оң пікірлерге ие болды:

«Маған әлі де әріптестерім жазып жатыр. Сіздердің экскурсовод, лектор мамандарыңыз тамаша білікті – әуестігі бойынша шынайы.

 Дәріскер бізді жастық, студенттік, институт атмосферасына енгізді. Біз өте қуаныштымыз, фотода таныс мұғалімдерді, курстастастарды көрдік. Қала тарихымен толық жете таныстық

Дәріскер — супер!»

Музей суретшілер мен олардың туындыларына арналған үй. Ол бәрін жақсы көреді, бәріне қамқорлық жасайды, және дәл осы жерде біздің суретшілеріміз туралы көбірек біле аласыз.