Музей де мектеп тәрізді жаңа оқу жылында өзінің білімге құштар достарына есігін айқара ашты. Қаламыздағы №37- гимназия білім ордасы музейімізбен үнемі тығыз қарым-қатынаста. Осы жолы да өз белсенділіктерін көрсетіп, музейдің тұрақты экспозициясымен қатар «Атыраудан махаббатпен» атты жаңа көрмені қызыға тамашалап, экскурсияны үлкен ыждаһаттылықпен тыңдады.
Сонымен қатар, музей қызметкерлері гимназияның ғимаратында, Қазақстан суретшілерінің репродукция жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, оқушылармен кездесу өткізді. Осы іс-шараларға жалпы санын алғанда мыңнан астам бала қатысты.