« … А на стенах – портреты:
Напудренные дамы,
Усы и эполеты
На нас глядят из рамы:
— Мы жили тут когда-то,
Вы помните, ребята?
И долго- долго смотрят вслед
Чтоб я не повредил паркет ».
Бұл балалар тақпағында музей туралы шындық үлесі бар. Иә, көптеген адамдар музейде қатаң ережелер, көп сөйлейтін экскурсоводтар, салтанатты көңілсіздік деп ойлайды.
Бірақ, егер сіз маусымның осы күндерінде Невзоровтар музейіне кірсеңіз, сіз әжептеуір таңқаласыз. Таңертеңнен бері біздің есігіміздің алдында шулаған балалар тобы жиналуда. Олар – қала мектептерінің 1 – 4 сынып оқушылары. Бәріне жазғы демалыс кезінде оларға мектеп жанындағы лагерлер жұмыс істейтіні мәлім. Ал балаларды пайдалы демалуға үйретеді.
Оқушылар әр түрлі пәндердің мектеп бағдарламасынан екі жерде екіміз –төрт, параллель сызықтар түйіспейтінін – түсінеді, ал тарих кезеңдері хронологиядан тұратынын біледі. Бірақ музейде жас көрермендерге көзбен көріп, түсінуге және көбінесе ойларын дұрыс жаққа бұруға тура келеді. Себебі тек өнерде ғана абсолюттік шама болмайды, онда барлығы қазір және осы жерде болады. Және де суретшіде әрқашан екіде екі төрт шыға бермейді. Бұл суретшілердің суреттерінде география, тарих, таза түрінде алгебра жоқ. Бар шындық көркем бейнеде.
К ним приходят помолчать
Зритель и художник
Муза учит понимать
То, что не возможно.
Сондықтан біздің музейге келетін балалар шығармашылықтан өте сәтті шабыт алады және оны «жұқтырады». Оларға тәжірибелі мамандар әр күні сайын жаңа сабақтар дайындайды. Балалар сурет салады және бояйды, қағаз, тұзды қамыр, картон және ермексаздан ғажайып ұсақ-түйектер жасайды. Қапталдау (торцевание) – шығармашылық сабақтар техникасының бір түрі. Осы сабаққа № 30 мектеп оқушыларымен бірге қатысайық. Пластик тәрелкелерде гофрленген қағаздан түрлі-түсті кесінділер, желім, таяқшалар және көптеген трафареттер салынып тұр. Бір сағаттан соң кішкентай суретшілердің қолынан «жарық дүниеге»: «қызыл желкенімен» ғана емес ««грин кемелері», қызықты мультфильм мысықтары, шырынды алмұрт, «қампиған» түрлі-түсті автомобильдер және басқалар… шығады. Балалар қызығушылықтары мен қуаныштарын жасыра алмай өздері жасаған қол бұйымдарын үйлеріне әкетеді, ал олардың естерінде музей – тірі қарым-қатынас орны екені туралы сезім қалғаны анық. Ал ақын жазған залдардағы қатаң портреттер келушілерді тек «бақылап» қоймай, оларды жылдар мен кеңістік арқылы «әңгімеге» тартады.
Жазғы демалыстардың бір күні ішінде Невзоровтар музейіне 200-ден астам бастауыш сынып оқушылары келеді. Олар шығармашылық тренингтер, содан кейін кең өнер туындылары экспозициясымен танысады.
Пабло Пикассоның сөздерін есте сақтаңыз: — «Неге қатар орналасқан екі бояу, ән салады? Мүмкін, бұны біреу түсіндірер алама екен? Жоқ. Сондықтан, ешкім, ешқашан, сурет салуды үйрете алмайды». Иә, әрине, ешкім үйрете алмайды, бірақ музейде біз балалар «қатар орналасқан екі бояу, ән салатынын» байқаса деп тырысамыз. Бұл музейдегі жазғы күндердің жақсы бастамасы….