Жаңалықтар

«Товарищ этот, — мой земляк

С седого Иртыша, —

Был живописец и рыбак,

Горячая душа.

Любил по утренней поре

Сидеть над Иртышом…

Любимой девушки портрет

Писал карандашом.

Но грянул сорок первый год –

Июнь пороховой…

Простился с милой у ворот

Художник боевой.

И с кипой книжек и газет, плакатов и папирос

Недорисованный портрет

Он на войну увез…»

   Семен Анисимовтың «Суретші туралы баллада» өлеңі жолдарын оқыған кезде біздің майдангер-суретшілеріміз еске түседі. Ағымдағы жылдың 9 мамырында Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының Жеңісіне 75 жыл толады. Отанымызды жаудан қорғағандар арасында біздің суретшілеріміз де болды. Бүгін оларды еске алып, олардың көркем кескіндеме туындыларымен таныстырғымыз келеді.

   1941 жылы Беляевтер отбасы майдан жанындағы Калугадан Семей қаласына соңғы эшелондардың бірімен көшірілді. Әскерге шақырылатын жасқа толған кезінде Михаил Беляев (1925-2007) әскери училищенің курсанты болады. Бірақ оқуды аяқтамай, ол майданға аттанады. Михаил Михаилович парашютистер отрядына қосылады. Ұлы Отан соғысының әуе десантшыларына әр түрлі, жиі өте қауіпті, міндеттерді орындауға тура келген. Михаил Беляев «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

   Яковлев Николай Иванович (1927-1985) — ленинградтық. Оның Ленинградтағы Көркемсурет Академиясының көркемсурет мектебіндегі оқуы соғыстың кесірінен үзіледі. 14 жасар ол партизандар тобына қосылады. Псков облысындағы 1942 жылдың тамыз айынан – 1944 жылдың сәуір айына дейін партизан қозғалысының белсенді қатысушысы. 16 жасында Қызыл Жұлдыз ордені — жоғары марапатқа ие болды.

   Христолюбов Валентин Александрович (1918-1979) Ұлы Отан соғысын Кеңес Армиясы қатарында қарсы алды, Ленинградтық қоршау шебін бұзып өтуге қатысты. Ауыр жарақаттанғаннан кейін ұзақ уақыт госпитальда жатады. 1945 жылы Семей қаласына оралады. «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған.

   Григорий Тимофеевич Шереметьев (1922-1997) өзінің әскери өмірбаянын 19 жасында бастады. 1941 жылдың қарашасында Ташкент жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін Батыс майданға жіберілген. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

   Әр суретшінің шығармашылық өмірі соғыс аяқталған соң Семей жерінде басталған. Әр түрлі себептермен біздің қаламыз олар үшін екінші отан болды.

   1950-1970 жылдардағы  Семейдің мәдени көркем өмірін бұл майдангерлер жүзеге асырды. Олардың жүректері сүйспеншілікке толы еді, олар ғажайып, мейрімділік әлемін суреттеген. Олар бейбіт өмірді сүйюге, бағалауға шақырады.

   Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнер музейінің ғылыми қызметкері Ильвира Халитова.