Жаңалықтар

  Невзоровтар музейінің балалар көркем студиясының кезекті әдемі мерекесі өтті. Көне және жария емес музей дәстүрі бойынша әр жылдың күзінде жаңа келген студия оқушылары үшін көптен күткен және қызықты дәстүрмен — суретшілер қатарына қабылдаумен аяқталады. Мереке сценарийі Дж. К. Роулинг бала –сиқыршы, Гарри Поттер туралы, сондықтан осы мерекенің сиқыршы мен сиқыр биылғы жылдың басты тақырыбы болды. Бұл таңдау кездейсоқ емес. Өйткені өнер әлемі шынымен сиқырлы, көп қырлы. Нағыз суретшілер, сиқыршылар сияқты сиқырлар жасай алады, бірақ өзінің бейнелеу құралдарымен: сызықпен және дақпен, түспен және фактурамен… Және біздің жас студиялық оқушыларымызға ұзақ жылдар бойы көп нәрсені үйрену керек. Мысалы, тегіс затты көлемді етіп айналдыру, әдеттегі заттардағы үйлесімділікті көру, көрерменді керемет түстін сиқырымен еліктіру. Бір сөзбен айтқанда, ең шынайы ғажайыптарды жасау! Мерекеге қатысушылардың әр жас тобы өз шебер-тәлімгерін — сиқырлы әлеміндегі жолсерігін алды. Музейдің ғылыми қызметкерлері бір күнге дуагер, сиқыршы, көріпкелдерге айналды. Музейдің барлық залдарында балаларды әртүрлі сынақтар күтіп тұрды. Бұл үшін әр топ сиқырлы қылқалам, қарындаш немесе сиқырлы дәрі көмегімен оқуға болатын өз сиқырлы картасын алды.
  Балалардың біреу көріпкелдік сабағына қатысып жіп арқылы болжауды үйренді, ал біреуіне трансфигурация сабағында затқа немесе жануарға айналуға тура келді. Басқаларға — фантастикалық жаратылыстармен танысу және улы дәрілер қайнату сабағына бару болды. Ал қатысушылардың ең үлкен тобы квиддич бойынша қызықты ойын өткізді. Иә, қарапайым емес, зияткерлік! Олар үшін тапқырлық пен ақылдылыққа алдын ала сұрақтар дайындалды.
  Барлық сынаулар соңында студия оқушылары дәріс залында жиналды, онда оқушылардың соңғы тобы қонақтарға ерекше театрландырылған көрініс дайындады. Екі оқушы түнде сурет галереясына еніп, бірнеше «ұйықтап жатқан» кейіпкерлерді алаңдатқан. Ал барлық сиқыршыларға сиқырлы әлем мен картиналардың қозғалатыны, сөйлесіп қана қоймай, ұйықтап, жалпы өз өмірімен өмір сүретіні белгілі болатын. Галереяда «ұйықтап жатқан» ретінде қызметкерлер музей жинағындағы барлық балаларға белгілі картиналарды ұсынды. «Сиқыр» тырнақ алып отырған кемпірді, ақын Абай Құнанбаевты, композитор Дмитрий Шостаковичті, далада ән айтып тұрған қыздарды және экспозицияның басқа да кейіпкерлерін жандандырды. Барлық оқиғалардан кейін көптен күткен студия оқушылары қатарына қабылдау сәтіде келіп жетті. Студияның ауыспайтын жетекшісі Манат Саясатұлы Төребаев студия қатарына алғаш кірген жас суретшілерді құттықтады. Әрбір «сиқыршы» бетіне сурет салғызып және мейрімді піл бейнесі бар төс белгісіне ие болды. Әрине, мерекеге қатысушы барлық балалар естелік сыйлықтарға ие болды!
  Осы ғажайып күні ешкім музей қабырғасын тастап, сиқырлы әлемнен күнделікті өмірге қайта оралғысы келмеді. Бірақ әрбір мерекеге келген адам біздің әлеміміз әлі де көптеген жұмбақтар мен білімге толып жатқаны туралы сиқыр пен сенім нанымының бір бөлігін алып кетті.