Жаңалықтар

   Біз музейдің риясыз сыйға тартушылары мен меценаттары туралы әңгімені жалғастырамыз. Олардың көпшілігі — шығармашылық риясыз адамдар — суретшілер және олардың мұрагерлері. Музей қоры сақтамында көптеген авторлық коллекция жинақтары сақталуда, олардың арасында Шакур  Абдулганиевтің  акварельдері ерекше орын алады.

Светлана Шакуровна Визермен біз Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде таныстық. Семей қаласында тұратын туған-туыстарына қонаққа келіп жатқан Светлана, музейге баруды шешеді. Сабырлы, зейінді, ол  аса қызығушылықпен музей залдарын аралап өтті, ал экскурсиядан кейін жайлы, жұмсақ дауыспен оның әкесі де суретші екенін, оның жұмысын біздің коллекцияға бергісі келетінін айтты. Әңгіме барысында Светлананың әкесі біздің қаламызда  туғанын біліп, біз көрме ұйымдастыруды ұсындық. Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Светлана Рүстемовна Киляоглова Алматыда болып, суретші Абдулганиевтің мұрасымен танысты және көрме ұйымдастыру идеяны үлкен ынтамен мақұлдады.

2016 жылдың көктемінде суретшінің туғанына 90 жыл толуына орай «Шебердің оралуы» атты көрме ашылды. Көрме вернисажында Светлана Шакуровна музейге суретшінің 150 жұмысын сыйға тартты!

Светлана Шакуровна Алма-Ата қаласында дүниеге келді. Ленинград мемлекеттік университетінің химия факультетін бітіріп, 1975 жылдан бастап Ә.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институтында жұмыс істеді. Бас ғылыми қызметкер, химия ғылымдарының докторы дәрежесінің иегері. 2018 жылдың 23 желтоқсанында Светлана Визер өмірден өтті.

Ол әкесінің жадына өте мұқият қараған. «Шебердің оралуы» көрмесін ұйымдастыру оның өміріндегі маңызды оқиға болды. Ол өзі сезгендей, оның әкесінің  қылқалам туындыларын отанына қайтаруға асығыс болды. 150 талантты туындылар  — бұл біздің тарихымыздың бірегей және маңызды бөлігін: қала тарихын, республика тарихын құрайтын үлкен мұра болып табылады. Біз Светлана Шакуровна Визерді әрдайым үлкен ризашылықпен еске аламыз.

Шакур Ғалиұлы Абдулганиев (1926-1990) Семей қаласында туып-өскен. Дәл біздің қаламызда оның лирика мен табиғат жаршысының керемет, сезімтал және шаттыққа толы талғамы қалыптасты. Сурет салуды Шакур балалық шақтан жақсы көреді, ол үстел бетіндегі клеенкаға танымал сюжеттердің бейнесін салудан бастаған. Содан кейін ашық хаттарды: сырланған ақ түсті қағазға гүлдер салды.

Семей қаласында 1940 жылдары кәсіби білім алуға болатын көркем оқу орны болмаған. Алдымен Шакур Ғалиұлы Семей автожол техникумын бітіреді. Бірақ ол әрдайым кескіндемеші болуды армандады. Суретші болу ниеті сонша маңызды болғаны, ол кемел жасында (36 жаста) Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесіне келуге шешім қабылдаған. Оның мұғалімдері А.Ғалымбаева, И.Квачков болды.

Училищені бітіргеннен кейін Ш. Абдулганиев Алматыда өмір сүрді. Т. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясында, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің көркемсурет көрмелері Дирекциясында, Қазақстан Суретшілер Одағының көркемсурет қорында жұмыс істеді. 1953 жылдан бастап қалалық, республикалық көрмелерге қатысты.

Шакур Ғалиұлы акварель техникасында көптеген жарқын, шуақты, баянды және әсерлі этюдтерді жазды. Әсіресе оның сурет парақтарында  жарық пен жеңілдік басым. Көбі акварель техникасында көп жұмыс істемейді. Бұл дәлдік пен мұқият көзқарасты талап ететін нәзік және күрделі техника.

Суретшіге көптеген жанрлар: пейзаж, портрет, натюрморт, сюжеттік-тақырыптық композициялар қызықты болды. Әрбір жұмыста өткір және ойлы адамның көзқарасын сезуге болады. Семей пейзаждарында біздің қаламыздың өзіне тән баяу ырғағын байқаймыз.

Суретшінің анасы аралға баруды жақсы көретін, әр жолы өздерімен бірге дала гүлдерін әкелетін. Суретшінің айтуынша олардың үйінде гүлдер үзілмеген. Бұл факт гүлдердің бейнесі бар көптеген натюрморттардың болуын оңай түсіндіреді.

Ата-анасы табиғатқа өте жақын болғандықтан суретшінің әдемілікке деген талғамы балалық шағынан қалыптасады,  дәл  Семей жерінде  ол табиғатта қайталанбас сұлулықты байқауға және көруге үйренді.

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкері Ильвира Халитова.