Ұзаққа созылған үзілістен кейін, балалар қуана-қуана сабаққа келіп жатыр. Олар бірінші күннен бастап түстер мен қиял-ғажайып өнер әлеміне еніп кетті. Жас суретшілер графика, кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнерде өздерінің білімін әрі қарай шыңдауды жалғастыруда. Кейбірі көркемөнер саласы бойынша, орта және жоғарғы оқу орындарына шығармашылық емтихандар тапсыруға дайындық үстінде.
Бүгінгі күннің шындығына орай балаларға сабаққа келу бір мереке! Қазіргі мектептегі онлайн сабақтардан ойларын бөліп, компьютерден де көздерін біраз демалдырып, шығармашлықтан ләззат алуға келеді.
Еске сала кетейік, студиямызда барлық санитарлық талаптарға сай жағдайлар жасалынған: арақашықтықты сақтау, антисептиктермен тазалық сақтау, кабинеттерді кварцтау және т.б.
Өкінішке орай, болып жатқан карантин жағдайына байланысты биылғы оқу жылында студияға жаңа оқушылар қабылданбайды. Сондықтан студияға жазыламыз деушілерді келер жылы күтеміз!