Жаңалықтар

–  Мектепке барайық! Новопокровкаға!

–  Неге бармас-қа? Музей, тек картиналар сақталатын ғимараттың қабырғалары деп ойлайсыз ба? Әрине, жоқ. Музей – картиналар жайлы айтылатын, әдемі құндылықтар таныстырылатын жер.

Осылайша өткен аптаның соңғы күнінде музей ауыл мектебіне барды. Ағарту бөлімнің төрт қызметкері – Абешова Жанар Жұмағазықызы, Белякина Наталия Александровна, Сивашова Юлия Валерьевна және Шестакова Лариса Алексеевна 2 – 11 сынып оқушыларына арналған Новопокровка орта мектебінде қазақстандық суретшілердің көркем туындылар репродукцияларының көрмесін және шығармашылық сабақтарын өткізді. Сексенге жуық бала осы іс-шараға қатысты. 2 – 5 сынып оқушылары аппликация техникасында шығармашылық тренингте қолдан сүйкімді үкі жасаса, үлкен оқушылар көрмеге қатысты. Табиғат жайлы, оны қорғау туралы, туған өлкеге, туған жерге деген сүйіспеншілік жайлы айтылды. Мектеп тарапынан музей қызметкерлерінің кездесуі мен іс-шаралар кестесін мектеп меңгерушісі Джавадова Ирина Григорьевна ұйымдастырды.

–  Кездесу қалай өтті? – Тартымды, танымды және қызықты.

–  Мектепте музейді қалай қарсы алды? – Белсенді, эмоционалды, жұмыла.

– Балаларға ұнады ма? – Әлбетте!

– Тағы қайда барайық? – Әрине, мүмкіндік пайда болған кезде.

– Бізді қалай шақыруға болады? – Тек телефон тұтқасын көтеріп, қоңырау шалу керек!