Жаңалықтар

Отызыншы тамызда бүкіл еліміз үлкен мерекені — Қазақстан Конституциясы күнін атап өтеді, ол әрбір азамат үшін ерекше және маңызды. Конституция — бұл мемлекеттің негізгі заңы, біздің құқықтарымыз бен бостандығымыздың, тұрақты, байқуатты өміріміздің кепілі. Біз оның тарихын, мәдениетін, рухани дәстүрлерін, керемет бай және әдемі табиғатын мақтан тұтамыз. Бұл біздің халқымыз тұратын жер, жақсы көретін, бағалайтын және одан әрі жақсартқымыз келетін үйіміз.

Осы мереке қарсаңында Абай облысы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі «Таулар симфониясы» атты қазақстандық суретшілердің музей қорынынан кескіндеме көрмесін ашады. Суретші Г. Макаров, Ж. Шарденов, Н. Яковлев, Н. Таңсықбаев, А. Кениг және басқа да танымал отандық авторлар көрерменді ұлы даланың таулы аймақтарына, терең шатқалдарға, таулы соқпақ жолдарға, өзендеріне саяхатқа баулиды.

Көрермендер музейдің екі көрме залында шеберлердің суреттерін тамашалай алады, ал музейге бармай тұрып көрме туындыларымен танысқысы келетіндер оларды төменде көрсетілген шағын бейнебаяннан көре алады.