БУМ дегеніміз не? Бұл дегеніміз күрт көтерілу, бір дүниенің айналасы у да шу болып тірілу. Мысалы, музей ішіндегі оқушылар мен студенттердің көрермен ретінде қатарларының өте көп болуы.
Соңғы екі аптаның ішінде музейге Көлік колледжінің, Шәкерім атындағы СМУ, «Авиценна» медициналық колледждің, технологиялық колледждің, Әлихан Бөкейханов атындағы университеттің студенттері келді. Студенттер тек экскурсияларды тыңдап қана қоймайды олар түрлі тақырыптағы дәрістерге, квест ойындарына, шығармашылық іс-шараларға қатысады.
Мұндай белсенді қатысу жастардың рухани және интеллектуалды баюға деген қажеттіліктерінің артып келе жатқанын көрсетеді және музейде бұл үшін мол мүмкіндіктер бар. XVII – XX ғасырлардағы әлемдік кескіндеме және графика туындылары, Қазақстан өнері, қала суретшілерінің шығармашылығы көп нәрсені айта алады, әлемді мүлде басқа жолмен көруге көмектеседі, сұлулықты сезінуге және қарапайым нәрселерден ләззат алуға үйретеді, сондай-ақ әлемдік тарих пен мәдениет туралы білімдерін толықтырады.