Жаңалықтар

Міне, жаңа оқу жылы да келіп жетті. Мұғалімдер сабақ кестесін құрастырады, жоспар құрады, конспектілер жазады, сабаққа дайындалады. Үлкен тәжірибесі бар біреу енді көп дайындықты қажет етпейді, ал басқалары, керісінше, қызықты сабақ дайындау немесе қызықты дәріс оқу үшін көп жұмыс істеуі керек.

Бірақ тәжірибелі мұғалім болсын, жаңадан бастаушы мұғалім болсын, Невзоровтар музейі барлығына оқушылармен немесе студенттермен жұмыс істеудің қызықты және пайдалы әдісін ұсына алады. Музей қызметкерлері дайындаған лекторий сіздің оқушыларыңызды біліммен байытып немесе сіздің жұмысыңызды жеңілдетеп қана қоймайды. Ең құнды нәрсе – шынайы, ерекше өнер туындыларымен естігендеріңізді бекіту мүмкіндігі. Төрт бөлім: «Өнерге алғашқы қадамдар», «Өнердің мәнерлі тілі», «Әлемдік және көркем мәдениет», «Қазақстан өнері» көрермендерге кез-келген жас санаты үшін түрлі тақырыптарды ұсынады.

Біздің лекторий сізге оқу бағдарламасына сәйкес келетін немесе жақын тақырып бойынша сабақ өткізуге немесе сынып сағатын ұйымдастыруға көмектеседі, ал дәуір мен уақытқа тереңірек үңіліп, зерделенетін материалды жақсырақ және анық түсінуге көмектеседі. Біз бейнелеу өнері, ӘКМ, мәдениеттану, тарих және әдебиет мұғалімдерін, сондай-ақ сынып жетекшілерін шақырамыз. Жалғыз шарт – алдын-ала қоңырау шалыңыз, тақырыпты, уақытты, жас шамасы мен тыңдаушылардың санын көрсетіңіз.

Музей әрқашан өз келушілеріне қуанышты! Біз сіздерді күтеміз!!!