Күзгі демалыста аяқталды. Бірақ демалыс қалай өтті! Сабақ жоқ, үй жұмысын жасамайсың, еш нәрсе жасамай, демалу, компьютер ойнау, телевизор көру, тағысын тағы?
Бір мезет әдемі әлемге еніп, бейнелеу өнері музейіне барып, картиналарды тамашалап рақаттанып қайтуға болады. Тамаша ұсыныс. Осы ой мектеп мұғалімдерін де шарпып өткен. Онысызда көрермені үзілмейтін музей іші, осы жолы оқушылармен лықа толысты! Жас көрермендердің картиналар мен өзге де жәдігерлерге аса бір ыждаһаттылықпен қараулары, сүйіспеншілікке толы жүздері музей ішін қуаныш пен махаббатқа толтырды. «Адамзатты баласыз жақсы көру мүмкін емес» деген Достоевскийдің тамаша сөзі ойға оралады. Ал, ересектердің картинаға, картинаның оларға қарауы мүлдем бөлек әңгіме…