Бүгін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисімбайұлы Шарлапаев Семей қаласында жұмыс сапары аясында Абай облысының Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде болды.
Музейде Қазақстан, Орыс және Батыс еуропалық бейнелеу өнерінің бай коллекциясы бар. Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Халитова Ильвира Ахметжанқызы қонаққа экскурсия жүргізіп, музейдің қалыптасу тарихы, Невзоровтар сыйлығы, отандық өнердің дамуы мен сақталуының заманауи перспективалары туралы айтып берді. Министр уақытша өтіп жатқан Георгий Макаровтың «Парақтар» және Сәкен Назархан мен Қамбышева Шұғыланың «Атадан аманат» атты екі көрмемен де танысып өтті.
Музей коллекциясы, келушілерге деген жылылық пен ілтипат атмосферасы, өнерге деген сүйіспеншілік Қанат Бисімбайұлына жағымды әсер қалдырды. Ол коллекция және жалпы музей туралы көп жылы сөздер айтты.