Егер Сіз музейге баруды жоспарласаңыз, онда келесі ұсыныстарды сақтауды сұраймыз:
- респираторлық аурулардың белгілері болған кезде музейге барудан аулақ болыңыз
- музейдің көрме залдарына бару гигиеналық бетперде болған жағдайда ғана мүмкін болады
- санитайзерлерді пайдаланыңыз
- музейге кіру/шығу кезінде, кассалық қызмет көрсету аймағында, экспозиция залдарында кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз
- саны 10 адамнан аспайтын және келушілер арасында кемінде 1,5 қашықтықты қамтамасыз ететін жеке және топтық экскурсияларды өткізуге жол беріледі.
Назар аударыңыз! Алғашқы он келушіні музейден естелік сыйлықтар күтеді! Жуықта көріскенше!