Жаңалықтар

Кеш емес!

Невзоровтар музейіндегі түн өтті, сіз бұл туралы достарыңыздан, таныстарыңыздан естідіңіз, интернеттен фотосуретті көрдіңіз, бірақ оған өзіңіз бара алмадыңыз ба? Сіз өкінішпен жұмыс, үй шаруасы, және әр түрлі істер Сізге ләззат алуға, демалуға және өнермен айналысуға, ойдағы ұшулар мен ғасырларға саяхат жасауға мүмкіндік бермеді деп ойлайсыз ба? Өкінішті артқа қалдырыңыз.  Бәріде әлі кеш емес!

Музейде әлі де көптеген ұмытылмас қызықтар күтіп тұр!!

  • «Да Винчи зертханасы» көрме-фотозоны (1 қабат, фойе).

XVI ғасырдың костюмдерін киіп, Леонардоның зертханасын аралап шығыңыз. Оның иесімен сөйлесіп, ұмытылмас фотосуреттерді есіңізге сақтап қалыңыз!!

  • «Сhiaro scuro» көрме-инсталляциясы (1қабат, 7 зал).

Бұл не? Шытырман ба? Тек итальян тілінен аударғанда «жарық пен көлеңке» деп аударылады. Жарық жолында тұрған мөлдір емес зат қандай құбылысқа ұшырайды? Осы екі қарама-қайшылықтың тіркесімі қандай бейнелерді тудырады?  Келіңіз, өзіңіз көресіз!

  • «Түсінде және өңінде ұшу» балалар мен жастар шығармашылығының көрмесі (1 қабат, 9, 11 залдар)

Сіз түсіңізде ұшып көрдіңіз бе? Ал өңіңізде? Ал көптеген балалар ұшып көрді, ал егер өңінде  немесе түсінде болмаса, онда, кем дегенде, өз қиялдарында. Нағыз кемелер мен ұшақтармен және тағы басқалармен балалар шығармашылығының керемет көрмесі. Келіңіздер!

  • «Жаңа қаланың ескі келбеті» көрмесі (2 қабат, 22 зал)

Біздің қаламызды шын жүректен және терең сүйетіндер үшін оның тарихымен қызығатындар үшін бұл көрме нағыз рухани жұмақ! Мұнда сізді жылы, сүйіспеншілікпен жасалған фотосуреттер қарсы алады, олар арқылы біздің қала сәулет тілімен сөйлей отыра, өз тарихын айтады, кейде көмек сұрайды.

  • «Kazakhstan Spееdcubing Fеdеration» кубер-шоу (1 қабат, 3 зал)

Лириканы қалайсыз ба? Жан-тәніңіз жаңа және заманауи, көрерменнің көзі үйренбеген, ерекше нәрсе сұрайды ма? Мархабат! Әдемі Джоконда, жұмбақ күлімсіреп, бізге қарайды. Бірақ қалай және қайдан! Бұл мәңгілік жұмыс қалай орындалды? Текшелер! ИЯ, ИЯ, Рубиктің текшелері. Бұл мүмкін бе? Сенбейсіз бе? –  келіңіз, өзіңіз көріңіз!

 

  • «Мысық, да Винчи» электронды ойыны

Телефоныңызды бір минутқа да қалдыра алмайсыз ба? Онда сіз үшін жас Леонардомен және оның достарымен бірге музей залдарында және уақыт бойынша қызықты саяхат күтуде. Сізге тек музей сайтына кіріп, мына сілтеме  https://nvzrv.ucoz.net/index/kot_da_vinchi/0-76  бойынша өту керек.

 

Асыға күтеміз, сәттілік!