Жаңалықтар

  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «біз кесте» тігу өнерінің  хас шебері, Евразия дизайнерлер Одағының мүшесі, өскелең ұрпаққа ұлағатты ұстаз бола білген — Асхан Сейілбег шебермен «Өнердің кестелі жолымен» атты кездесу шарасы  өткізілді.

  Аудитория қонақтары ретінде Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті,  Қызмет көрсету және Бизнес колледж  студенттері және қаламыздың әйгілі қолөнер шеберлері қатысты. Аудитория төрінде шебердің қолынан шыққан төл туындыларынан шағын көрме ұйымдастырылды.

  Ұлыстың – Ұлы күні  Әз-Наурыз қарсаңында ұйымдастырылған  дәстүрлі кештін шымылдығын музей директоры Т.А. Стромская құттықтау сөзімен ашты.

  Айтулы кештін қонағы ретінде Семей қаласы бойынша Еуразия дизайнерлер одағының жетекшісі М.Т.Абдикаримов  Асхан Сейлбегке жетістіктері үшін  Диплом табыстады.

  Шара барысында шебердің өнер жолдары мен «біз кесте» шеберлігі туралы арнайы әзірленген  дәріс оқылып, «Тігін өнеріне саяхат», «Ұлттық өрнегіміздің сыры» атты танымдық бейнефильмдерден үзінділер көрсетілді. 

  Студентер  шебердің өнері туралы біраз сұрақ – жауаптармен алмасып, шебер тарапынан кесте тігу жолдарының қыр-сырлары туралы біраз пайдалы мәліметтер айтылды .

  Кеш соңында, қолөнер шеберлері арасынан Асылбай Абылайхан, сылқым қолөнердің жастарға пайдалы, өнегелі тұстарын тәрбиелік  бағытта әңгімелеп, Асхан Сейілбегке шығармашылық табыстар тіледі.