Біздің әсем Астанамыздың мерекесін тойлау күні қарсанында музей қызметкерлері бірқатар іс-шараларды өткізуді қолға алды. Музей қабырғасында мектеп жанындағы легерьлердің балаларына арналған «Астана балалар көзімен» атты шығармашылық тренинг өтті. Қызметкерлер Астананың құрылу тарихына және жас тәуелсіз мемлекет тарихына алтын әріппен жазылғаны туралы баяндап, виртуалды экскурсия жүргізді. Жас, көз алдыда дамыған астана –жасампаздық, шығармашылық және прогресстің символы. Сондай-ақ, дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінен слайдттар көрсетілді. Содан кейін балаларға болашақ дизайнерлер рөлінде болуға және «Астана – болашақтың қаласы» тақырыбы бойынша тұзды акварель техникасында өз қолымен жұмысты орындап шығу ұсынылды. Балаларға дәстүрлі емес сурет салу (тұзбен салу) техникаларының үйлесімі өте ұнады.
Музейщиктер ең кішкентай келушілерге ұйымдастырған сабақтарды жүргізумен қатар зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында да болып қайтты. Аға ұрпақ өкілдеріне » Астананың архитектуралық көрікті жерлері» атты фотокөрме көрсетілді. Орталықтың қарамағындағылар көрмемен танысып, біздің бас қаламызда өтіп жатқан дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесі туралы дәріс тыңдады. ЭКСПО көрме алаңдарда ұсынылған түрлі елдердің павильондары бойынша бейнерядтар көрсетілді.
4 шілде күні кешке, Астана күні қарсанында, қаланың орталық алаңында интерактивтік көркемсурет акциясы өтті. Музей қызметкерлері қаланың орталық алаңында жиналған халыққа: «Астанаға деген махабатыныз қандай?» — деп үндеу тастады. Бұл акцияда бала немесе ересек пен бозбала болсын өздерін суретші ретінде көрсете алды. Біздің әсем бас қаламызды бейнелеп суреттеу мүмкіндігі әртүрлі болды: қарындаштармен қағазға немесе бормен асфальтқа салу. Ең бастысы – қиял болу қажет. Тілек білдірушілер аз емес болды!!! Бұл Астананың Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің бас қаласы болып шынайы таңдалғанының тағы да бір рет дәлелі. Ал, Астана қаласының көркем жерлерінің басып шығарылған фотосуреттердің шағын экспозициясы — сәулет ескерткіштері, павильондары, олар ЭКСПО-ға әлемнің әр түрлі елдерінен келген қонақтарын тамсандырып және мерекелік көңіл-күй сыйлады. Соңымен қатар барлық қатысушылар танымал қазақстандық Камиль Мукашевтің «Астана жағалауы» атты картинасы бейнеленген үлкен пазлды құрастыруға ниет білдірді. Осылайша қала тұрғындары шебердің шығармашылығымен жақын таныса алды. Қала тұрғындары тағы бір мәрте жақсы көңіл-күймен шабыттанып, ал ең белсенді және шығармашылық қабілеттері жоғары тұрғындар музейге тегін бару сертификатына қол жеткізді.
Астана күні мерекесін тойлау бұнымен шектеліп қалмады. Сол күні таңертен музей залдарында «Бақытты тәрелке» халықаралық арт-жобасының екінші кезеңі аяқталды, бұнда жоба кураторлары жобаға келушілер мен қатысушыларды – ұстаздар мен суретшілерді «бақытпен бөлісуге» шақырды.
Ал, 5 шілде күні қала тұрғындары мен қонақтары музей залдарында ашылған «Астана – ЭКСПО-2017 бас қаласы» фотокөрмені тамашалай алады. Астанада ЭКСПО-2017 ашылған ең есте қаларлық нысандары мен қызықты оқиғалар түрлерінің фотосуреттері (жоғары сапада басып шығарылған), ЭКСПО-2017-ге қатысушы мемлекеттердің павильондары, қызықты техникалық жаңалықтар және т. б. қызығушылықтарынызды тудырады деген үміттеміз.
Астана күніне арналған іс-шараларды «Ашық есік күні» аяқтайды, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары музейге тегін кіріп тұрақты экспозициясы және жаңа көрмелермен таныса алады.