Халықаралық мұражай күніне орай Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында «Мұражай түні» үшінші рет өтуде. Мұражай түнінің мақсаты – көтерінкі көңіл күй, орындалған армандар және өнермен ұштасып жатқан шығармашылық пен демалыс орнын құру. Мұражай өзінің бейнелеу өнері туындыларын насихаттай отыра көрермен қауымға кешкі және түнгі уақытта мұражай экспозициясын тамашалауға мүмкіндік береді. «Невзоровтар мұражайы түні — 2014» — өнердің барлық түрі біріккен, көптеген қызықты оқиғаларға толы бағдарлама. Бағдарламаның уақыты бірнеше сағатқа есептеліп және келушілердін әр түрлі жас шамасы – 5 жастан 80 жас аралығына бейімделген. Көрермен назарына мұражай түні бағдарламасының көп бөлігі алғашқы рет ұсынылды.
Мереке «Өзінді тану! Суретші мен модель» сайысымен және Семейлік суретшілер көзімен «Танго – махаббат биі» шоуымен басталды. Бірінші сайыстын қатысушылары — қала суретші-портретшілері мен қала тұрғындары. Александр Борзунов, Евгений Сухов, Толеуғазы Жуванышев, Рашит Рахметов, Нұрбүлан Өтепбаев және Педагогика мектебінің түлектері мен сызу және сурет пәндерінің болашақ ұстаздары Каирхан Мади, Санияр Дархан, Мандат Нурбакыт. Күн ұясына батқанға дейін портрет түрінде қағаз бетіне түскен өз бейнелерін алушылардын саны азаймады. Мольберт алдына жайғасқан суретшілер өз қылқаламдарына сай модельдерді таңдау үстінде болды. Нәтижесінде олар өздерінің қылқалам астынан шыққан портреттерін көрермендер назарына ұсынды. Әр көрермен өзіне ұнаған портретке – поэтикалық немесе шынайы портретке аса куаныш пен ризашылығын білдіріп жатты.
Танго – сезімдік пен қызықты ырғақтық би. Би билеу «Танго-махаббат биі» шоуы пластика және әуен мен түстін үйлесімділігін көрсетуге бағытталған. Танго биін орындаушылар: Жакупбаев Авель мен Селина Анастасия, Игнатов Евгений мен Толеу Альмира. Ал, қала суретшілері Талгат Татиев, Олександр Махно, Фарид Хасенов, жас суретші Мария Авксеньтьева осы әсем әуен мен би әлемінің сиқырлығына бөлене өздерінің туындыларын орындауға кірісті. Соны көрме – аукционға үйлесті, бұнда суретшілер өз қылқалам туындыларын лот бойынша көрермендерге көрсетіп, жұмыстарына сауда-сатуды ұйымдастырды. Әрине, қала тұрғындары мұндай мүмкіндікті жібере қоймады, олар осы тамаша кеш бейнеленген туындыларды естелік ретінде барлығын сатып алуға тырысты.
Ерекше қызығушылық тудырған суретші О. Махноның жұмысы еді. Көрермендердің көз алдында туындаған шығарма көркемдік акті — перформанспен ілесті. Олександр кіршіксіз ақ, сүлу бикеш бейнесін 20ғасыр басындағы модерн стильінде, әйел денесінің сымбаттылығын көрсететін пастель түрінде жазды. Ақырғы сәтте көрермендердің жан толғаныстарын келтіре, суретші суретінің ақырғы штрихы ретінде қышқыл сүт өнімі «Тархун» сусынын ашып туынды бетіне шашып аяқтады. «Суретші көзқарасымен» шоуы – сәтті мәресіне жетті!
Мұражайшылар көрермен қаумын жаңа және қызықты «Жарық мүсіндер көрмесі»атты көрмемен қуантты. Көрермендер жарықтын әсерімен залдар қабырғасында қызықты бейнелер құрылған қоқсықтардан жасалынған мүсіндерді қызықтады. Шынайы адамдармен ертегілер кейіпкерлерінің бейнелерін табу және қиял әлеміне саяхаттау шексіздікке толы болды. Осы қойылымның басты кейіпкерлері — жарық пен көлеңке.
Ерекше қызығушылық тударған «Менің сүйкімді де нәзік жануарым» атты көрме. Бұл көрмеде кәсіби және жеке суретшілердін 90 шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Мұражай қорынан алғашқы рет көрмеге қойылып отырған 20 ғасыр 20-ші 60-ші жылдардағы белгілі шеберлердің балалар кітаптарына иллюстрациялар түрінде орындалған («Тили-бом» Ю.А.Васнецовтың, И.А. Кузнецов «Шалқан», К.Я. Баранов «Етік киген мысық» және В.В. Лебедев литография) керемет кітаптік графикасын тамашалауға мүмкіндік туды. Көрме жаңалығы — университет студенті Алина Малякованың тамаша акварельді жұмыстары еді. Көрмеде қазіргі заман семейлік суретшілерінің В.С. Васин, О.А. Махно, Р.Е. Бобровскийлердің жұмыстары ұсынылды. Көрмені ұйымдастыру жұмыстарына белсенді түрде көмек көрсеткен И.Ю.Лаврушина, Т.Ю.Толматова, М.Тускеева бастамашылығымен №1 мектеп оқушылары. Әр түрлі техникада жасалынған көрнекті және шынайы балалар жұмыстары: батик, мысық-жастықтар, тұзды қамырдан мысықтар, көркем өрнектеу. Пэчворк техникасында орындалған И.Ю. Лаврушинаның «Кот-Баюн» панносы мен Т.Ю. Толматованың «Котосмогория» батигі әсемділігімен көздің жауын алады. Еріксіз езу тартқызған мұражай қызметкері О.Б. Феденёваның папье-машеден жасалынған композициясы болды. Жүргізушілермен әдемі орындалған көрнекті сценарий тұсаукесері арқасында көрермендер адамзат ғұмыры тарихындағы, көптеген ғасырлар бойы және әр түрлі елдер суретшілері шығармашылықтарындағы мысықтар, олардын тіршілігі, мұражайлық қызметтері туралы көптеген қызықты ақпараттар алды. Шоу-мысық сүюшілері- «Ал сендер білесіндер ме?» викторинасының барлық сұрақтарына жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Көрменің салтанаты – Оксаны Маршалкинаның «Ырыс» питомнигінің таза тұқымды мысықтарының дефилесі. Үлкендер мен балалар абсолютті әлем чемпионы – титул иегері Тайгер мысығын, Еуропа және Азия чемпионы – Ласкесті көріп аса қуанышқа бөленді. Көрме соңында көрермендердің қатысуымен «тұзды қамыр» техникасында мысықтар бейнесін жасау бойынша бір жарым сағатқа созылған шебер-класс өтті.
«Барлық іс қалпақта» шығармашылық шоуы біздің қонақтар арасында үлкен қызығушылық пен белсенділік тудырды. Мұражай қызметкерлерімен жасалынған қалпақтармен таныстыру рәсімінен кейін көрермен қауым қалпақ жасау бойынша шебер-класс өткізіліп жатқан жаққа қарай бет алды. Қалпақ жасау ісіне 7 жастан 50 жас шамасы аралығындағы адамдар қатысты. Қалпақтардын сән үлгісі біздің қонақтарымыздын қиялдарымен үлкен ықыластарын көрсетті. Жауған жаңбырға қарамастан қалпақтар киген ару қыздар кеш соңына дейін сәндік үлгісін көрсетіп жүрді.
Ал белсенді демалыс сүйер қауымға «ПриключENение в музее» ойыны ұйымдастырылды. Ойынға қатысушылар белгілі уақыт аралығында мұражай экспозициясы бойынша сұрақтарға жауап тауып берулері керек еді. Жеңімпаздар мұражайға ақысыз келу мәртебесіне ретінде жасалынған сәнді сертификаттарына ие болды.
Бір ай көлемінде «Мұражай түні» фотоконкурсы өтті. Мақсаты — қала тұрғындары мен қала қонақтарын мұражайға тарту, фотоаппараты мен мобильді құралдары бар адамдарға өзіндік ниеттерін ашуға мүмкіндік беру. Фотоконкурс жеңімпаздары салтанатты түрде аталып, ең үздік фотосуреттер мұражай алаңында көлемді экранда көрсетілді. «Түнгі Семей, Түнгі мұражай» номинациясында «БЕЛ-КАЗ» ЖШС өкілі — Александр Правосудов «Айлы түн. Семей» фотосуретімен, Шәкәрім атындағы университетінің студенті -Айым Шинжина «Белгісіздік графикасы» фотосуреті, қаладағы белгілі Рок-музыкант, өлеңдер авторы және орындаушы, «Братья Карамазовы» және «Песни оптимистов» рок-группаларының жетекшісі — Игорь Кавтрев «Жасыл квадрат» фотосуретімен, соңымен қатар фотосуретші, дизайнер, «New fase» креативті фотостудияның директоры — Пилипенко Андрей (Алматы қаласы) «Семейдің түнгі перісі» фотосуретімен белгіленді. Екінші «Мен мұражайда» атты номинацияда мұражай экспозиция залдарында немесе мұражай алдындағы алаңда фотосуретке түсіру мүмкіндігі болды. Бұл сайыстын жеңімпаздары Константин Летягин «Пьеромен портрет», Андрей Пилипенко «Мұражайдағы бір түн».
Мұражай, біздін қаламызда ең алғашқылар қатарында болып жаңа бағыт алып алған Sand Art немесе Құмды шоу өнерін көрермен назарына паш етті. Бұл бағыттын ұтымды жақтары — бір жағынан белгіленген қысқа уақыт аралығында керемет бейнелер жасауға болады, екінші жағынан адамзат баласынның жан-дүниесінің тыныштығы мен сабырлығына бір де бір шипа. Құмды графика үлкен қызығушылық тудырды. Адамдар әлде бір бейне салынып болғанша бір орындарында тапжылмай тұрды. Мұражай өз тарапынан барлық көрермендерді « сэнд-арт» сабағына шақырды.
Мұражай конференц-залында классикалық музыка мен балет концерті өтіп жатты. Бұл концертті Л.Хамиди атындағы №1 балалар музыкалық мектебімен және талапты балаларға арналған балет мектебінің тәрбиенушілері сыйлады.
Мұражай кішкене көрермендер үшін сыйлық ретінде «Щелкунчик» қуыршақ театрының қойылымы дайындады. Мұражай түні бізді Семей қаласының «hand-made»-рі қолдады, олар сувенирлер мен қуыршақтар, әшкейлер жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Мұражай қаланың би және музыкалық ұжымдарын шақырды, өз өнерлерін көрсеткен жеке орындаушыларды. Олардын көбісі көрермендерге таныс, ал кейбіреулері жаңа жұлдыздар. Мұражай алаңындағы концертке вокальды «Bel Canto» шеберлігі студиясы, «Зарядка+» би-деңсаулық клубы, Б. Турлыханов атындағы Жастар-кешенінің би топтары, Спорттық «Гинза» клубы , Х-Ray би мектебі, «Песни оптимистов» рок-группасы, «Авангард» би студиясы, қазіргі заман би «Alpha Dance» мектебі, Олжас Турсунов жарықтық шоуымен қатысты. Концерт мұражай түні кешінін жабылуына дейін созылды. Қоштасу онай болмады…
Светлана Киляоглова – Невзоровтар отбасы атындағы мұражайы директорының орынбасары
Семей, 17 ммыр 2014 жыл.