Жаңалықтар

2014 жылдың 11 ақпанында ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер мұражайында Қазақстандағы БҰҰ Даму  бағдарламасымен бірлесе   «Әлеуметтік және  экономикалық  қызметтерге қолжетімділігін арттыру» гранттық жоба аясында «Кедергісіз мұражай» жобасының салтанатты тұсаукесер шарасы өткізілді.

Семей қаласы аумағында тұратын 1200 жуық мүмкіндіктері шектеулі жандар және өзге қаланың қонақтары өз бетінше Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының экспозициясы туралы ақпараттарды алу және мұражайға келіп көру мүмкіндіктеріне ие болды. Жоба шеңберінде есту қабілеті төмен жандарға арнайы құрал-жабдықтар сатып алынды, аудиогидтерге орнатылатын арнайы бағдарламалар жетілдірілді (мұражаймен аудио таныстыру). Осы арқылы есту қабілеті төмен жандар өз бетінше мұражай туындыларымен таныса алады. Сонымен қатар, мүмкіндіктері шектеулі жандарға бейімделген сенсорлы экран арқылы мұражай экспозициясы туралы 3D фильмі көрсетіледі. Телеэкранда трансляциялау арқылы көрсетілетін керең-мылқау жандар үшін дене-қимылымен және ым тілінде мұражай картиналарымен таныстыратын арнайы фильм шығарылды. Осы барлық шығарылған фильмдер Невзоровтар мұражайы сайтында орналастырылады. Бұл фильмдер өз бетінше қозғала алмайтын және үйден шыға алмайтын мұқтаж жандар үшін қолжетімді болады. Мерекелік салтанатқа Семей қаласының әкім орынбасары Исабекова З.Р., саңырау және есту қабілеті нашар мектеп – интернаттарының директорлары және тәрбиеленушілері қатысты. Шара барысында қонақтар ұсынылған арнайы құралдармен танысты.