«Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында жастармен жұмыс
Невзоровтар музейіндегі православия жастары күні
Ағымдағы жылдың оныншы ақпанында Орыс православие шіркеуінің Өскемен және Семей епархиясы және Невзоровтар отбасы атындағы музей бірлесе отыра Бүкіләлемдік православиялык жастар күнің мерекелеуге арналған жастар іс-шарасын өткізді. Өскемен қаласының «Альфа және Омега» және Семейдің «София» православиялық жастар клубтарының мүшелері Вячеслав Гутов епархия иерей жастар бөлімінің төрағасымен бірге музей залдарында экскурсия мен қызықты зияткерлік ойынға қатысты. Залдаң залға саяхат жасап, іс-шараға қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, картиналарды мұқият қарап, олармен байланысты түрлі тапсырмалар орындады. Жастар тек жағымды эмоциялар мен эстетикалық әсерге бөленіп ғана қоймай, олар музей коллекциясымен және жалпы бейнелеу өнері тарихымен жақын танысуға мүмкіндік алды. Музей қызметкерлеріне ойынды өткізуге музейдің көркем өнер студиясының ерікті – оқушылары көмектесті, олар: Стопычева Ксения, Амренова Алсу, Вахитова Ильнара, Сарко Дарья, және Семей қаласының электртехникалық колледжі оқушылары: Рекида Иван, Шефер Руслан, Истомин Влад, Фесенко Анжелика, Хасанов Булат, Григоров Виталий.
Зияткерлік ойынның ерікті қатысушысы болу – қарапайым міндет ғана емес. Егер студия оқушылары музей экспозициясымен жеткілікті таныс және қазірдің өзінде олардың бейнелеу өнері саласында біршама білімі болса, онда электротехникалық колледжінен қатысқан балаларға шындап дайындалуға тура келді. Әрбіреуіне бір туынды бөлініп беріледі, ол бойынша олар материалдарды зерттеп, ойынға қатысушылардың қасында ере жүре, олар барлық туындыған сұрақтарға жауап іздеуге және тапсырмаларды орындауға қатысуға дайын болуға тиіс.
Ойын соңында қатысушылар мен еріктілерге сыйлықтар берілді. Бірақ бұл ең бастысы емес. Еріктілер мен қонақтар – түрлі діни мәдениет және әр түрлі ұлттың балалары, оларды музей – өзінің өнер ордасы шаңырағы астына біріктіре алды. Бұл осы іс-шараның ең басты себебі болды.