Алдарыңызға үлкен мақсат қойыңыздар – одан мүлт кету мүмкін емес!
Уақыттың осы шағында өмір сүріңіз- әйтпесе сіз өмірден көз жазып қаласыз!
Қымбатты дос, егер сен осы ақпаратпен танысып отырсаңыз-онда, сен біздің музейдің «ӨМІРДЕН КӨЗ ЖАЗЫП ҚАЛМА!» атты жаңа халықаралық көркемсурет жобасына қатысуға ниет білдірді деп білеміз. Ол 2017 жылдың мамыр айында басталады, ал мамыр айы – жыл сайынғы «МУЗЕЙДЕГІ ТҮН!» акциясын өткізу мезгілі.
Осы жылдың оқиғасын әлеуметтік плакат фестивалі ашады, оның шарттарымен біздің сайтта таныса аласыз. Фестивальға қатысуға көптеген Қазақстан, Петербург, Мәскеу, Сібір, Орал қалаларының суретшілері мен дизайнерлері өтініш білдірді.
«Музейдегі түн — 2017» акция бағдарламасы ерекше және ауқымды болады. Өйткені ұйымдастырушылар барлығыңызды өткізілетін бағдарламаларды жай ғана бақылаушы ретінде ғана емес, керісінше қызығушылық танытып барлық іс-шараларға қатысуға шақырады! Ал бұл дегеніміз – сайыстар, көрмелер, шеберлік-класстар, ұжымдық тақырыптық жұмыстар құру, «шығармашылық аумағында» белсенді қарым-қатынас ұстану.
Әр нәрсенің пайымына жету бойынша пікірлерін өткір және жаңаша түрде жеткізуге, тіпті біздің көрерменіміздің айналасында болып жатқан оқиғаларға бір сәт көз тастауға, ойлануға, мүмкін қасындағы жақын адамына қол ұшын беруге ниетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеуге ұсынамыз! Сіз өзіңізді жеңіл және қуанышты сезінесіз! Біздің жобаның бағдарламасында жалпы қайырымдылық, мейрімділік, шығармашылық істер көп.
Ия, кез келген мерекеге дайындалу керек . «Музейдегі түн — 2017» акциясы алдында «Полковничий» аралында экологиялық акция өтеді. Оның қатысушылары аумақты тазалап, ал жиналған қоқыстан біртума композициялар жасайды және «Түн» аланың әшекейлейді.
«Қызықтырмайтын зат болмайды, тек қызықпайтын адамдар болады» деген сөз біздің жадымызда. Дейл Карнеги айтқандай: — «Егер тағдыр саған лимон сыйласа, онда сен одан лимонад жаса»!
Бағдарламада жәрмеңке де бар — «Шеберлер қалашығы». Қолданбалы өнер бұйымдарының аукционы өтеді. Жиналған қаражатты балаларды емдеу мекемелеріне жібереміз.
«Музейдегі түн — 2017» акция конақтары алдында әр түрлі жанрдағы кәсіби артистер мен ең жарқын жастар ұжымы өнер көрсетеді.
Семей жастары мен балалары флэш-моб ұйымдастырып, заманауи киімдер үлгісін көріп, қозғалмалы ойындарға қатысып, сурет салып, жапсырып, фотосуретке түсе алады!
Біздің мерекеге келушілер, өмір деген велосипедпен жүру тәріздес екенін естен шығармауы тиіс. Жүріп бара жатқанда құламау үшін әрқашан қозғалыста болу қажет. Өмір сүру құны үнемі өсуде, бірақ оған сұраныс төмендемейді!
Біздің «Музейдегі түн — 2017» жобаға қатысушылардың әркімі осы пікірдің авторы бола алады. Біздің музейдің сайтында, әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламаларды қараңыз.
ӨЗІҢМЕН ӨЗІН БОЛ. ӨЗГЕ РӨЛДЕР БОС ЕМЕС!