Міне, кезекті Музей түні өтті… Осы жылы, бұрынғыдай, біз музейде жаңа кездесуді асыға күттік – достарды және өткен акцияларды еске алдық, дайындалдық, дүйім жүртті таңғалдырсақ деп армандадық… Алайда, бұл жолы белгілі себептермен музей қонақтары үшін шулы мереке ұйымдастыра алмадық. Әдетті, қызықты музыкалық-көркем іс-шараның орнына біз музейдің «басқа» өмірі туралы бірқатар бейнесюжеттерді әзірледік және көрсетілімге жібердік. Жеті көркем роликте біз музейдің «ішкі» өмірі туралы айтып, өткен акцияларға қатысушы достарды еске түсірдік және жыл сайын осы мерекені жасаған қызметкерлер – адамдармен «жанды» кездесулер өткіздік.
Кеше кешкісін біздің бейнесюжеттерімізді көріп үлгермегендеріңіз үшін музей аккаунттарында осы жарияланымдарға сілтеме қалдырамыз. Сізге біздің «түнгі» қызықты оқиғамыз ұнады деп және Сіз 2021 жылы акцияға міндетті түрде келесіз деп үміттенеміз. Ал оның қалай өтетіні, көп жағдайда Сізге байланысты достар. Біздің арналарға жазылыңыз, жаңалықтарды қадағалап отырыңыз.
Сіздерді жаңа музей түнінде күтеміз!
https://www.youtube.com/
- https://youtu.be/kbyDTbxwVGg
- https://youtu.be/cQl9LCW7wYw
- https://youtu.be/G5KPfO13Dqg
- https://youtu.be/hFeu_1OnGII
- https://youtu.be/_rwPfcEkX-s
- https://youtu.be/XvEAl3q__2M
- https://youtu.be/qhMBGhPUCWI
https://vk.com/
https://www.facebook.com/
https://www.instagram.com/