Гнутся ветви мохнатые вниз к головкам детей,
Блещут бусы богатые переливом огней,
Шар за шариком прячется, а звезда за звездой,
Нити светлые катятся, словно дождь золотой …
Р.А. Кудашева
Невзоровтар отбасы музейіндегі жаңа жылдық көрме дәстүрлі түрде ертегімен ашылды. Бүгін жаңа жылдық ертегі балалар жұмысының басты тақырыбына айналды, ал көрменің өзі кітап иллюстрациясына арналды.
Кез-келген бала кітаптан суреттерді қарағанды ұнатады. Суреттер балаға әріптер сөйлемес бұрын ертегі жайлы баяндап береді. Музейдің балалар көркемсурет студиясының жас суретшілері өздерінің иллюстрацияларын жасап, бала кезінен «Щелкунчик», «Сіріңке ұстаған қыз», «Он екі ай» және «Қар ханшайымы» сияқты таныс оқиғаларды жандандырды.
Бірақ «ертегілік жаңалықтар»-да болды. Балалардың сурет парақтарынан бұрын өздеріне онша таныс емес ертегілер кейіпкерлері де бой көтерді. Сіз «Жаңа жылдық шыршалар планетасы» немесе «Санта Клауста қонақта» ертегілерін оқыдыңыз ба немесе естідіңіз бе? Ал, оқымаған болсаңыз, онда осы ертегілер кейіпкерлерімен танысуға реті келді.
Суреттер өте әртүрлі. Көптеген жас иллюстраторлар бояулармен, гуашьпен немесе акварельмен жұмыс істеуді жөн көрді. Бірақ, өз иллюстрацияларын пастель, көмір, түрлі-түсті қарындаштармен және тіпті батикпен жасаған осындай қиялшы жас суретшілер де болды.
Көрменің ашылуы да ғажайып сиқырға толы болды. Ертегі кейіпкерлері, ертегі музыкасы және Глушковтардың «Жаңа студиясының» ертегі қойылымы музейге Жаңа жылдық көңіл-күй әкелді, ал түрлі-түсті хоровод оның барлық қатысушыларына жарқын жаңа жылдық серпін берді.
Көрмеге қосымша «нағыз» балалар кітаптарын безендіретін кәсіби иллюстрациялар болды. Олардың арасында, мысалы, Юрий Васнецов сияқты танымал шеберлердің жұмыстары бар.
Нағыз ертегі жаңа жылдық көрме сәтті ашылды! Сіз осы залда балалар салған суреттерге, витринадағы кітаптар иллюстрацияларына қараған сайын балалық шағыңызға оралғандай құлағыңызға жасыл шырша туралы ән естіліп, жан-дүниеңіз жылулық пен мейрімге бөлене түседі…
Мұнда балалар ойнауға, көңіл көтеруге жиналды,
Ал саған, Сұлу Шырша, олар өз әндерін айтуда…