Невзоровтар музейі тәжірибе алмасу және шығармашылықпен байыту мақсатында Қазақстан мен Ресейдің кескіндемешілері, график-суретшілерінің кездесулерін бірнеше рет ұйымдастырған. Шеберлер табиғат аясына шығып этюдтер жазды. Бүгінгі күні көрермендер көрмеде біздің сүйікті қаланы заманауи шеберлердің көзімен көруге мүмкіндікке ие болады. Ұсынылған жұмыстар табиғаттың сұлулығы мен архитектураның ерекшеліктері туралы баяндайды. Бұл әр түрлі жылдары орындалған Омбы, Алматы, Өскемен және Семей суретшілерінің пленэрлік туындылары.
Пленэр – бұл ашық ауада шабыт пен шығармашылық уақыты және әр сурет табиғи жарықтың, ауаның, табиғаттың өзі беретін кеңістіктің тереңдігінің арқасында түстердің бар байлығын паш етеді.
Кенеп бетіне түсірілген таңдамалы көркемсуреттер арқылы біз таныс қаланың ерекше архитектуралық келбетін қайта ашамыз. Көрмеде көрерменнің архитектураны тек өнер түрі ретінде емес, оны қоғам қабылдауы тұрғысынан қарастыруға мүмкіндігі бар. Әрбір этюд XIX ғасырдағы адамдардың өмір салтын, олардың әлемге, қоршаған ортаға қатынасын сезінуге мүмкіндік береді. Мұнда өткенмен байланыста бола отырып, біз қазіргіні қайта ойластыратын сияқтымыз.
Ғұмар Макаровтың (Семей қ.) этюдтері қыркүйек айында салынған. Олар нәзік, лирикалық, әр этюдте суретшінің күздің сұлулығына деген өзіндік көзқарасы оқылады, шебер үшін картинаның тұтастығы, жалпы көңіл-күйі маңызды.
Көптеген авторлар қаланың шығыс бөлігінде – татар слободасында шабыт тапты. Олександр Махно (Семей қ.) мезанині бар ағаш көпес үйлерді бейнелейді. Автордың ежелгі дәуірге, деректілікке деген мұқият көңіл бөлуі сезіледі. Түсі бойынша ұстамды жұмыс қоңырқай түс реңкінде орындалған. Үйлер архитектураның маңыздылығына баса назар аудара отырып, уақыт пен тағдырдың куәгерлері сияқты жылулыққа, күш-жігермен ерекше аураға толы монументалды түрде салынған.
Виктор Шмидттің (Семей қ.) шығармаларында бәрі жалпыланған және ұстамды түрде берілген. Суретші ғимараттардың барлық бөлшектерін немесе элементтерін тағайындауды мақсат етпейді, оған көргендерінен алғашқы әсер алу, табиғаттың жай-күйін жеткізу маңызды. Ол көшелердің пластикасымен сүйсінеді. Көше кеңістігінің өзі авторды да, көрерменді де осы ескі жерлерде серуендеуге шақырғандай.
Біздің жерлесіміз Валерий Тимофеев қазір Омбыда тұрады. Ол әрқашан біздің музей жобаларына қатысуға қуана жауап береді. Оның 2010 жылдың көктемінде салған этюдтері ұстамды графика сызықтары бар, олар өте архитектуралық-геометриялық түрде салынған. Бүкіл кескіндеме бетін тәртіпке келтіруге мүмкіндік беретін сурет шеберге маңызды екенін көруге болады. Түстер бір-біріне өте жұмсақ, түстер теңбілдерімен, әдемі де нәзік.
Өскемендік суретші Николай Аштеманың жұмыстары эмоционалды. Композиция динамикаға толы, автор диагональды шебер қолданады. Барлығы түстің дыбысталуына бағынады. Қызыл түстің ашық реңктері бозғылт көк және жұмсақ күлгінмен үйлесіп, өмір салтанатының көңіл-күйін береді.
Алматы суретшісі Сәуле Сүлейменованың этюдтерінде ерекше мерекелік көңіл-күй байқалады. Оның жұмысы еркіндікке, күнге және экспрессияға толы.
Алматылық суретші Шамиль Гулиев алғаш рет қаламызда 2012 жылы болды. Семейдің бай тарихи өткені, мұнда қаланың әр бұрышы көне көздеріне толы, ұлы жазушылардың, ғалымдардың, зерттеушілердің, музыканттардың есімімен байланысты, суретшіні таңғажайып нәзік шығармаларды орындауға шабыттандырды. Кенеп кеңістігінің көп жерлерін («Мұнара») ашық қалдыра отыра, Гулиев тек бірнеше ғана бояу түсіру арқылы көне мұнараның жоғары қарай ұмтылған бейнесін суреттеп шығады. Семейде XIX ғасырда салынған мешіттер сақталған, олар қалаға ерекше сән-салтанат, тарихи және маңыздылық беріп тұр.
Мәлік Дүйсенбаевтың (Алматы) «Ескі қала» туындысы жарыққа толы. Ашық көк аспанның үлкен дақ таңбасы, үйлердің контрастты салқын реңкті көлеңкелері жылы, шуақты күннің көңіл-күйін береді. Жұмыс орындалуының шынайылығымен және сендірерлігімен тартады.
Омбы қаласының суретшілері, облыстық, аймақтық, бүкілресейлік, халықаралық және шетелдік көрмелердің қатысушылары Евгений Дорохов пен Елена Чебаева біздің қалаға келіп, оның ерекшелігіне тәнті болды. Олар Затон аймағында болып, татар слободасымен танысып, Святой ключ пен Полковничий аралының сұлулығы мен бірегейлігінен ләззат алды.
Этюдтер шынайы, табиғат түстерінің байлығын көрсете отыра, жалпылау, біртұтас образды қамтиды. Евгений Дороховтың этюдтерінің бірінде («Энгельс көшесі») белгілі бір жеңіл сезім, эмоционалдылық бар. Этюдтің түс үйлесімділігіне қарамастан, қақпа бейнесінде лимон мен қызыл түстерінің екі жарқын бояу жақпасы түсірілген. Суретші үшін тыныш көңіл-күйді бөлетін осы жарқын акценттер маңызды. Теледидар антенналарының ақ бояу теңбілдері, жаңаның ескі, кетіп бара жатқан қарбалассыз өмірге басқыншылығы сияқты.
Көрме өзінің жылулығымен тартымды. Бұл тарихқа экскурсия, бұл қаладағы ауыл тақырыбы, бұл – асфальтсыз және көп қабатты типтік құрылыстар болмаған кезеңдегі тарихтың жаңғырығы. Ал пленэрде жұмыс істеу әрқашан сиқырға толы. Этюдтік жұмыстарда әр шебер өзінің жан-дүниесі мен жүрегінің бір бөлігін қалдырады, өйткені ол табиғатта, ашық аспан аясында жұмыс істейді, ал табиғатты алдау мүмкін емес, оның тек сұлулығын жырлап, одан шабыт алуға болады.