19-ғасыр архитектура ескерткіші саналатын «Мусин көпесінің диірмені» ғимаратында орналасқан ескі метизді зауыт цехтары және жұмысшыларымен қызықты еркін танысу болды. Жас суретшілер – шеге, түрлі диаметрлі сым өнімдері, бақшы құрал-саймандары мен тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар қалай жасалатынын біліп қайтты.

Бүгінгі күні биік төбелі, үлкен терезелі ескі цехтар заманауи білдектер және құрал-саймандармен жабдықталған. Зауыт директоры С.М. Шаймарданов жас қонақтарға ұжымның өндірістік өмірі жайлы баяндап, өнімдер туралы айтып, шолу экскурсиясын өткізді. Директор: «Кәдімгі шеге… Дегенмен, осы шегесіз картинаны қабырғаға іле алмайсың»,- деп әр түрлі өлшемдегі қарапайым заттарды көрсетіп, таңданды. Шынымен де, бұл- зауыттың өнімі…

Балалар дәл осы цехтарда жеке аумақтардың, білдектердің, құрал-саймандардың, сондай-ақ зауыт жұмысшылары портреттерінің нобайын жасады. Жас суретшілерді алдағы уақытта өз картиналарын аяқтау үшін көп жұмыс күтіп тұр. Бейнелеу өнеріндегі еңбек тақырыбы – тәжірибелі қылқалам шеберлері үшін де оңай тақырып емес. Себебі, мұнда бір сарынды шындық көрінісін бейнелеу – мақсат емес, негізгі міндет- картинадағы еңбек бейнесін тауып, оны көрсете білу.

Невзоровтар мұражайы өткізетін «Мәдени сенбіліктер» қаланың көптеген отбасыларының сұранысына ие. Шығармашылық жұмыс барысында, не болмаса мұражай экспозициясымен танысқанда біздің келушілер әңгімеге ортақ тақырып тауып, бейнелеу өнері жайлы тосыннан пайда болған сұрақтарын талқыға салады. Осылайша, бір-бірімен танысып, отбасы мүшелерінің бірігуіне жақсы әсер етеді. Ең бастысы- олар міндетті түрде бізге қайта оралып, өзіңе таңсық емес дүниені білуге құмартады.