АраласуЖаңалықтар

   Биылғы жылы ол  «Рухани жаңғыру» ұлттық сана-сезімін жаңғырту бағдарламасы аясында өткізілді. 

   Осы іс-шараның негізі дәстүрге сай, отбасылық Семей аймағының  қолөнершілері мен зергерлерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі болды. Көрменің негізін Семей, Өскемен, Шар (Жарма ауданы) қалаларының және Шульбинск, Новобаженово кенттерінің, Малая Владимировка (Бесқарағай ауданы) және Ақсуат (Тарбағатай ауданы) ауылдарының кәсіби және әуесқой шеберлерінің шығармалары құрады. Олар киізден, ағаштан, былғарыдан, металлдан жасалған әйел адамға арналған әшекей бұйымдары, ұлттық музыка аспаптары, үйге арналған жабдықтар мен кәдесыйлар болды.  Биылғы жылы біздің көз қуанышымызға айналған  Айман Бөқпасарованың басшылығымен қаламыздың «Айша бибі» қазақ мәдени орталығының шеберлерінің бұйымдары ерекше қуантты. Наталья Ратушнова, Маржан Орымбаева, Евгения Ревинаның тұрақты басшылығымен «Семей» колледжінің студенттік ұжымының көрмеге қатысуы өте жарқын, әрі көлемді болды. Қала мектептерінің технология пәнінің оқытушыларының белсенді қатысуы қуантты.

   Көрмеге 70-тен астам автордың 280 туындылары ұсынылды. Әрине, жеңімпаздар әдеттегідей ең жарқын және айырықша шығармалары үшін қаржылай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Фестивалдің демеушісі еліміздің ең ірі сауда орталығы Алматы  АПОРТ молл болды.

   Биыл фестивалдің ерекше қонақтары — Алматылық гобелен суретшілері, Қазақстан суретшілер Одағының мүшелері Малик Муканов пен Бауыржан Досжанов болды. Екі шебер де — Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының оқытушылары.  Малик Флоберович – өнертану тарихында докторлық дәрежеге ие. Екеуі де республикалық  және халықаралық көрмелердің белсенді қатысушылары.

   Фестиваль бағдарламасы аясына Семей аймағының шеберлерінің қазақ сәндік-қолөнерлерінен өзге тағы екі экспозиция кірді. Мерекені көркемдей түскен Алматылық қонақтарымыздың  көркем тоқыма туындылары  (гобелендер) және қазақ ұлттық тақырыбындағы  Ольга Феденеваның авторлық қуыршақтар көрмесі болды. Бұлардан бөлек фестиваль қонақтарына Әмре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясынан халықаралық және республикалық музыкалық сайыстың  лауреаты  Сералы Мухамедсадыковтың басшылығымен  қазақ халық музыкасының концерті және «Айша бибі» ( Нүрзия Ташимова, Сейлбег Асхан, және Гульмира Айғожина) қазақ мәдени орталығының киіз басу және кестелеу шеберлерінің шеберлік-класстары ұйымдастырылды. Қазақи  қонақжайлылықтың  дәстүрлі  мерекелік дастарханы қонақтарға жағымды әсерде толыға түсуімен  қатар, №6 гимназия оқушыларымен музей қызметкерлерінің өткізген  «Дәстүр мен шығармашылықтың үйлесімі» атты балаларға арналған танымдық ойын бағдарламасы болып өтті. Сонымен бірге, өз шеберлігі құпияларымен  бөліскен   гобелен суретшісі Малик Мұқановпен екі күн бойына «Семей колледжі және Шәкәрім атындағы университетінің студенттерімен шығармашылық кездесу болды.

   Жоба бірнеше жылға жоспарланған. Осы іспеттес көрмелер мен мастер класстар, жергілікті шеберлердің дәрежесін тезірек жоғарылата отырып, дәстүрдің жаңаша түрде дамуына септігін тигізеді деген үміттеміз.