ЖаңалықтарЖаңалықтарХабарландыру

«Уақытты ұста

Оны кез-келген сағат, минутында  бақыла. 

Бақылаусыз ол кесірткедей сусып кетеді.

Әрбір сәтіңді тұрарлықтай адал іспен жандандырып сақта! 

Оған салмақ, мағына, жарық бер».

Томас Манн

Егер сен белсенді, жасампаз әрі өз туған қалаңды сүйсең бізге қосыл, суретке түсір және ұтып ал!  

Орта – ол бізді қоршайтын, құрайтын біздің сана-сезім. Бергенді ғана қабылдамау керек. Біреу бізге барлығын дайындап акеп береді, біз үшін істейді  деп ойлама. Бір сәтті тоқтат! Кез-келген ауа райында қала өмірі сюжетке толы, тек оны көруді үйрен.

Фотоконкурсқа 15 жастан бастап, кәсіби фотографтар мен қоса фотосүйгіштер де қатыса алады. Әрбір қатысушыдан бір номинацияға 5 жұмыстан қабылданады.:

— «Жүрегіме жақын орын» (балалық шақтағы аула, менің көшем, ескі қала және т.б.);

— «Қаладан алшақ» (өңірдің пейзажы);

— «Келбет калейдоскобы» (портрет);

— «Бізден төмен бауырлар» (анималистика);

— «Осындай мамандық бар» (қаланың жұмыс күндері, әр түрлі мамандық өкілдері, жұмыс процесі)

Фотография – өнердің бір түрі, көркем өмірдің ерекше көрінісі екені анық. Сондықтан ең жақсы фотосуреттер экспозициясына көршілес болып, біздің қала суретшілеріне жылда ұйымдастырылатын кескіндеме, графика және мүсін өнері туындыларының көрмесі ұсынылады.

Семей қаласында қандай қызықты, жарқын, шығармашылық және белсенді жастар тұратынын көрсет – «Менің туған қалам – Семей – мой родной город!» атты фотоконкурсқа қатыс!

 Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады!

Өту орыны мен уақыты:

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде, Пушкин к-сі, 108.

27 қазан күні.

Саралау критерилері:

— конкурс тақырыбына сай болуы;

— ерекшелігі;

— шығарманың көркем деңгейі;

— идеяның ерекшелігі мен жұмыстың мағынасы;

— орындалу техникасы мен сапасы;

— қосымша компьютерлік графиканың болмауы.

Жұмыстарды конкурс әділқазылары келесі талаптарға сай таңдайды: А3 форматында шығаруға келетін JPG форматында (өлшемі ұзын жағымен 420 мм және 300dpi немесе өлшемі ұзын жағымен 4961 пиксель және 300dpi), файлды жіберу кезінде тақырыбына  «Фотоконкурс» сөзін тіркеп, iwan0711@gmail.com почтасына сала аласыз немесе электронды тасығыш арқылы музейге, Пушкин к-сі, 108 адресі бойынша, әкеп берулеріңізге болады. Анықтама телефоны:  522019. Жауаптылар: Жакеева Гүлжан Орынбекқызы – 8 777 906 11 66; Михайлов Иван Владимирович – 8 707 748 26 78.

 Қатысушылар мен Ұйымдастырушылардың құқықтары мен міндеттері.

1. Конкурсқа қатысу дегеніміз осы ережелермен толық танысу деген мағына.

2. Фотографияны конкурсқа жариялау барысында, Қатысушы:

  • растайды, оның ұсынып отырған фотосуретінің авторлық құқығы тек өзінікі екенін, және бұл фотосуретті конкурста қолдану барысында өзге үшінші адамның мүліктік немесе мүліктік емес құқығын бұзбайтынын;
  • бұл фотосуретті  ұйымдастырушылардың таңдауы бойынша сайттарға ұсынылып,  тақырыптық баспа басылымдарында жариялау мүмкіншілігіне рұқсат береді;
    • фотосуреттерді музейдің ағартушылық жұмыстарында пайдалануға рұқсат береді;
    • фотосуретті жариялау барысында, авторлық құқықтың бұзылуы жөнінде үшінші бір тұлғадан арыз түсуі болса, дауды шешуде көмектесуге келіседі;
    • жарияланған фотосуреттер бойынша, конкурсты Ұйымдастырушыларға үшінші тұлғамен талап қойылса, сотта үшінші тұлға ретінде қатысуға міндетті.

3. Ұйымдастырушылар ешбір түсініктемесіз конкурс талаптарына сай емес фотосуреттерді сайысқа қатыстырмауға  құқығы бар.

4. Егер сайысқа қатысушы конкурстың ережелерін бұзып, өзі жайында уақытында және дұрыс ақпарат бермесе, конкурсты ұйымдастырушы жеңімпазға сыйлық бермеуге құқылы.

5. Фотоконкурсқа қатысу автордың бұл шығармаларды әрі қарай жариялануы ақысыз түрде болатынына келіседі.  Сонымен қоса, авторлардың авторлық құқықтары сақталады және фото жұмыстарды жариялау, көрмеде ұсыну құқығы сақталады.

  1. Фотоконкурсқа жіберілген фотосуреттер келесі талаптар бойынша қабылданбауы мүмкін:
  • Конкурс тақырыбына сай болмаса;
  • Фотосуреттің көркем немесе техникалық сапасы төмен болса;
  • Эротикалық және жәбір көрсету, нәсілдік және діни ымырасыздық элементтері бар фотосуреттер болса;
  1. Конкурстық жұмыстарды өткізу мерзімі: 15 қазан

8.       Фотосуретке міндетті түрде қосымша анкета-өтінім болу керек.

ӨТІНІМ

 «Менің туған қалам —   СЕМЕЙ —  мой родной город!» — атты фотоконкурсқа қатысу үшін

*Фамилия:

*Аты:

*Тегі:

*Жасы:

*Жұмыс/оқу орыны:

Қысқаша автордың шығармашылық биографиясы

*Байланыс телефоны:

Почталық адрес және E-mail (электрондық почта)

КОНКУРСТЫҚ  ЖҰМЫС  ТУРАЛЫ  АҚПАРАТ

*Номинация:

*Конкурстық жұмыс атауы:

Конкурс жұмысының мағынасын ашатын, қосымша ақпараттар.