Жаңалықтар

Жетінші қазанда Астана қаласында музей қызметкерлерінің Бірінші Конгресі өтті, онда ғылыми және көрме жұмысы бөлімінің басшысы Ильвира Ахметжанқызы Халитова тұлғасында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі де ұсынылды. Конгресс аясында негізгі іс-шаралардан басқа «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Өзбекәлі тағылымы» көрмесі, сондай-ақ түрлі секциялық отырыстар, дөңгелек үстел және семинар-практикум өтті.

Ильвира Ахметжанқызы пленарлық отырысқа, көрмеге қатысып, «Музейдің көрме-экспозициялық жұмысы: заманауи әдістер мен технологиялар. Музейдің мәдени-білім беру жұмысындағы инновациялық тәсілдер» секциясының отырысында «Музей менеджментіндегі заманауи шешімдер «Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде «Семей (Семипалатинск) суретшілері» бөлімін жинақтау тарихы»  баяндамасымен сөз сөйледі. Баяндама «Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы және музей ісі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағында жарияланды.

Сондай-ақ, жинақта Невзоровтар отбасы музейінің ғылыми және көрме жұмысы бөлімінің ғылыми қызметкері Рекида Ирина Михайловнаның «Келушілерді тарту және музейдің тартымдылығын арттыру үшін сатылатын мәтіндерді пайдалану» тақырыбында тағы бір баяндамасы жарық көрді.