Жаңалықтар

Міне, біз мерейтойымызды атап өттік. Музей 35 жасқа толды. Бұл көп пе, әлде аз ба? Маңызды емес. Ең бастысы біздің мақсатымыз қандай, 35 жыл ішінде қандай қызмет, игі істер атқарғанымыз маңызды.

Тарих… Музей 1985 жылы тарихи-өлкетану музейінің жанындағы көркемсурет бөлімі ғана болып ашылған. 1988 жылы ғылыми-көркем бөлімнің негізінде бейнелеу өнерінің музейі ашылды. Музейдің ашылуына байланысты Семей қ. жаңа мүмкіншіліктер пайда болды, суретшілер, коллекционерлер келіп, экспозициялар саны көбейді. Осы жылдары музей директоры Татьяна Александровна Стромская мен Юлий Владимирович Невзоровтың достығы нығайды. Татьяна Александровна Ю.Невзоровты атақты коллекциясын Семей қаласында көрсетуге шақырды. Семей қаласының Невзоровтар отбасы музейінде көрмеге қойылған жинағы түгелдей қалдырылды, тек өзіне ерекше қымбат екі картинаны қоспағанда.

Отыз жылдан астам уақыт өте шықты. Қазір музей коллекциясы 5517 сақтау бірлігін құрайды. Музей қоры әлемге әйгілі суретшілердің, замандастар, жақын және алыс елдер суретшілерінің жұмыстарын қамтиды. Коллекция өте алуан түрлі – кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы және зергерлік бұйымдар, ежелгі заттар. Қазақстанның бейнелеу өнерінің бөлімі ерекше бай.

Музейдің бүкіл тарихы, оның коллекциясы, ішкі заманауи өмірі мерейтойды атап өту үшін арнайы дайындалған төрт сериялық фильммен баяндалады. Бұл фильмнің алғашқы сериясы 18 мамыр — Халықаралық музейлер күнінде жарық көрді. Қалған серияларды музей ішіндегі теледидар экрандарынан көруге болады, мерейтой күні және одан әрі музей ютубканалында тамашалай аласыздар.

Мерейтой… Мерекелік іс-шара керемет ауқымды өтпесе де оның маңыздылығы мен құндылығы басым. Ең алдымен, бұл екі көрме: «Жаңа түсімдер» және «Көркемсурет хирургияның құпиясы». Мұнда, біріншіден, музейдің соңғы жылдардағы қол жеткізген картиналарын көруге болады. Бұл тек Семей мен бүкіл Қазақстанның суретшілері ғана емес. Бірінші қабаттағы анфиладада көптеген түрлі есімдерді көре аласыз, отандық және шетелдік.

Екінші көрме, «Көркемсурет хирургия құпиясы», реставрациялау шеберханасы қызметінің құпиясымен таныстырады және Бақтияр Табиевтің екі шығармасының «құтқару», қалпына келтіру және жаңғыру процесін көрсетеді.

Музей коллекциясы мен көпжылдық зерттеу жұмыстары мерейтойға арналған салтанатты кездесуде таныстырылған екі басылымда ұсынылды. Бұл «Невзоровтар отбасы музейінің 35 жылдығы» және «Көпес Степановтың үйі» альбомы. Мерекенің салтанатты бөлімі экспозалда музейдің достарын, оның қызметкерлерін, ресми қонақтарын, баспасөз өкілдерін жинады. Салтанатты бөлімнің өзі ескі залда мұражайдың достарын, оның қызметкерлерін, ресми қонақтарын, баспасөз өкілдерін жинады. Тұсаукесерлер, құттықтаулар, жылы сөздер көп болды. Облыс әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев құттықтау сөз сөйлеп, музей директоры Татьяна Стромскаяның музей ісін дамытудағы ерекше еңбегін атап өтіп, оған және тағы бірнеше қызметкерге алғыс хаттар табыс етті. Әкімнің құттықтауынан кейін классикалық музыканың шағын концерті өтті. Франц Шуберт пен Латиф Хамидидің шығармалары шырқалды. Оларды республикалық байқаулардың лауреаттары Жанар Оразғалиева мен Александр Цареградский және Әйгерім Тоқтыбаева орындады.

Мәңгілік… Музей қызметі 35 жыл бойы жалғасуда. Мерейтой атап өтілді. Ал өткен және жақын болашақта не күтеді? Жарқын оқиғалар мен қарапайым күндер, экскурсиялар мен сабақтар, кездесулер, қарым-қатынас, тәжірибелер. Бірақ басында қойылған сұрақ жауапсыз… Сонымен, біздін миссиямыз қандай? Біздің жасап жүрген ісіміз қаншалықты маңызды? Мүмкін, бұл өте маңызды, өйткені адамдарда демалуға болатын орын бар, суретшілерде сөзбен айтуға болмайтын нәрсені білдіруге мүмкіндік бар, ал өскелең ұрпақтың көптеген сұрақтарына өткен ұрпақтардың жинақталған тәжірибесінде жауаптар бар.