Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің ұжымы Нұрбұлан Нұғыманұлы ӨТЕПБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Бұл отбасы және Қазақстанның бүкіл өнер қауымы үшін үлкен қайғы.
Нұрбұлан Нұғыманұлы барша өнер сүйер қауымның жадында туған даласының әсем табиғаты мен қарапайым адамдар бейнесін өз шығармаларында шын жүректен жаңғыртқан дарынды график ретінде қалды. Нұрбұлан Нұғыманұлы үнемі жаңа шешімдерді іздейтін экспериментатор. Ол талай жас өнерпаздарды тәрбиелеген ұстаз, болашақ суретшілер қазір оқу үшін қолданатын оқулықтар жазған теоретик. Бірақ, ең бастысы, ол жанындағыларға жылы лебізін сыйлаған ақкөңіл, ашық адам. Бұдан былай бәріміз де оның өзін де, шығармашылығын да сағынатын боламыз.
Нұрбұлан Нұғыманұлы 73 жасында дүниеден өтті. Ол 1951 жылы Семей облысы, Баженово ауылында дүниеге келген, 1973 жылы Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген. Қазақстан Суретшілер Одағының және Дизайнерлер Одағының мүшесі. Суретшінің жеке көрмелері Семей, Өскемен, Павлодар, Астана қалаларында өтті. Суретші сонымен қатар көптеген облыстық, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысты.
Нұрбұлан Нұғыманұлының қазасы – көлемін айтып жеткізу мүмкін емес. Бүгін біздің жүрегіміз қайғыға толы. Нұрбұлан Нұғыманұлын білетін әрбір адам оның қандай ғажайып тұлға болғанын мәңгі есте сақтап, оның шығармашылығы қаламыздың, бүкіл еліміздің өнер өмірінің алтын қорына мәңгілік енеді.