17 наурызда Невзоровтар отбасы музейінің балалар көркемсурет студиясының «Өмірде барлығына үй керек» атты қайырымдылық көрмесі өз есігін айқара ашты. Жас суретшілердің жұмыстарының тақырыбы мен кейіпкерлері көшеде мекендеуге мәжбүр болған жануарлар болды. Бұл жоба «Четырке лапы+» қоғамдық қорын – қаламыздың көшелерін қаңғыбас жануарлардан тазартуға және оларға баспана беруге тырысатын ынталы адамдарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Біз оларды «Біздің асыранды жануарларымыз» деп атаймыз, бірақ оларға қамқорлық жасауды жиі ұмытып кетеміз. Өйткені, тұратын үйшігі жоқ ит немесе тамақсыз мысық өлімге ұшырайды. «Четыре лапы» пана болатын орын жеті жыл бойы осы проблемамен күресіп келеді. Жануарларды адамгершілікке жатпайтын және ақылға қонымсыз жою және ату арқылы емес, керісінше стерилизациялау тәсілімен азайту. Асыранды жануарлар үшін жаңа пана орны мен мейрімді адамдар табуға тырысады. Жаңа иесі жауапкершілікті сезінуі үшін олар міндетті түрде қамқоршылық шартын жасасады және үй жануарларын чиптейді. Өзінің жұмыс істеу кезеңінде қор мыңнан астам жануарларға пана болатын орын тапты, емдеді, стерилизациялады және жаңа ие тапты.
«Өмірде барлығына үй керек» көрмесі қала тұрғындарының назарын осы мәселеге және оны шешудің ақылға қонымды жолына аударуға бағытталған. Ересек үй жануарларының иелеріне жауапкершілік туралы еске салу, өскелең ұрпақта жануарларға деген мейірімділік, сүйіспеншілік пен жанашырлық сезімін тәрбиелеу.
Көрмеге барлығы қырықтан астам балалар жұмыстары қойылған. Көркемсурет студиясының оқушылары қарындаштармен, бояулармен, фломастерлермен осы тақырып тудырған эмоцияларды жеткізуге тырысты. Бұл жануарларға деген сүйіспеншілік, бұл оларға көмектесетін адамдарға деген құрмет және, әрине, жеке өмірлік тәжірибелерден алынған сюжеттер. Шынында да, әрқайсымыз кем дегенде бір рет көшеде аш мысықты үйге әкеліп немесе қаңғыбас итпен тамағымызбен бөліскенбіз.
Кез-келген адам біздің көрмеге өз үлестерін қосып, қолдарынан келгенше көмек көрсете алады. Сіз арнайы боксқа қайырымдылықтарыңызды сала аласыздар немесе қамқорлықтағы пананың мекендеушілеріне бұзылмайтын тағамдар әкеле аласыз.
Шетте қалмаңыз, біз бірге қаламызды өзгерте аламыз!