Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Олай болса, бүгінгі танымдық шеберлік сабағымыз музейіміздің жас достары өздеріңізге арналады.
Киіз Басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен, Киіз Басу технологиясын әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне көтерген.
Сержан Мұратұлы Бәшіров
1964ж.ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында туған. 1984ж.Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Мамандығы — «Металды көркем еңдеу».
Этноавангард стиліндегі зергерлік бұйымдардың авторы. Жұмыстарында күміс, сүйек, маржан, көгілдір ақықты қолданады. Инсталляциялар үшін ағаш, киіз, металды пайдаланады. Түрлі техникаларды араластыра қолданып алуан стильдер мен мотивтерді үйлестіреді.
Еңбек жолдары- Республикалық көркемсурет колледжінде,Т. Жүргенов атындағы және Астана «Шабыт» өнер академияларында өтті. Бүгінгі таңда «Астана» Халықаралық университетінде оқушыларды ұлттық өнерге баулуда.
Хоббиі — этнография бұйымдарын зерттеу және реставрациялау.
Ташимова Нурзия Рахимовна
Он саусағынан өнер тамған қаламыздың қолөнер шебері Нурзия Рахымқызы киелі Абай тоырағынан. Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркемөнер-графикалық факультетін аяқтаған. Өзінің ұстаздық еңбек жолдары қалалық № 5, №8 мектеп-интернаттарында балаларды қолөнерге баулумен өтеліп жатыр. Өз шығармашылығында тоқыма тоқу, құрақ құрау және 2010 жылдан бастап жүн ұқсату өнерімен шұғылдануда. Қазіргі таңда бұл өнердің қыр-сырларын жетік меңгеріп, сәнді қолданбалы шығармашылықтарын дамытуда. Нурзия Рахымқызы болашақ ұрпақтың киелі өнерімізді өн бойына сіңіру жолында аянбай тер төгуде. Ары қарай музейімізде өткен шеберлік сабағымызды бірге тамашалайық.