Жаңалықтар
Өнер әуесқойлары клубы өз жұмысын бастады
Сонымен, біз ақыры жиналдық. Клубтың алғашқы кездесуі өтті. Қатысушылардың бір-бірімен және бізбен танысуы. Әр түрлі жастағы, білімі және қызығушылығы бар адамдар өнерге деген сүйіспеншілігі арқасында бірігуде. Осы клубтың мүшелері «музей маусымын» тек музейдің залдарымен және көптеген клуб мүшелері бұрыннан келіп көріп жүрген экспозициясымен таныстыруды ғана емес, негізгі «ішкі» өмірін көрсетуге талпынуда. Клубтың бірінші кездесуінде қатысушылар әр бөлімнің қалай жұмыс істейтінін, реставрация қай жерде жүргізілетінін, картиналардың қалай сақталатының және музейдің тағы басқа қызметтерімен танысты.
Олардың алған әсерлері қандай?
«Бүгін, осы әдемі күзгі кеште, керемет адамдар мен өз ісінің шынайы мамандарынан алған пайдалы ақпарат үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Келесі кездесуді асыға күтеміз»
Светлана Новикова
«Мен әлі әсерге толы қуаныш сезімімді баса алмай отырмын, өйткені кеше музейдің «ішкі жұмыстарының» қалай жүргізілетінін көріп таныстым. Қор сақтамдарды, реставрациялық шеберхананы. Бұрын мені қызықтырғанның бәрін — бізде қанша музей экспонаттарының бар екенін білдім»
Елена Третьякова
«Жылулыққа, бейнелеу өнері әлеміне және өз ісіңізге деген шынайы сүйіспеншілікке толы керемет кешіңіз үшін рахмет! Мұндай кездесулер шабыттандырады. Мен музейдегі жұмыс туралы әңгімелеріңізден өзім үшін көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білдім».
Назира Идрисова
Бұл тек бастамасы. Біздің қымбатты «әуесқой өнертанушыларымызды» көптеген қызықты кездесулер, түрлі тақырыптар, шеберлік сабақтары, әңгімелер мен экскурсиялар күтіледі.
«Жаңа музей жылы» құтты болсын, достар!!
Жаңа қызықтарға толы болады!!