Жаңалықтар

Суретші Валентин Михайлович Сидоровтың «Қайырлы үміт мүйісі»

Жазда келіп жетті. Мектептер оқу жылын аяқтайды, балалар мен ата-аналар демалыс жоспарларын құрады, біздің клуб та демалысқа шығады. Сенбі, 20 мамырда Невзоровтар отбасы бейнелеу өнері музейінің қабырғасында өнер сүйер қауымның соңғы кездесуі өтті, әрине, ол суретшінің шығармашылығына арналды.

Бүкіл академиялық жыл ішінде клубтың кездесулерінің талқылау тақырыптары да әр түрлі болды. Олар әңгіме желесін Ренессанс суретшілері мен ХХ ғасырдың музыкасы, балет және косплей туралы құрды. Бірақ барлық өтетін кездесулер тақырыбының әртүрлілігіне қарамастан кескіндеме, бейнелеу өнері әрқашан клуб кездесуінің негізгі тақырыбы болып қала береді. Осы маусымның соңғы кездесуі көркем шығармашылық туралы әңгімемен аяқталуы, қисынды.

Сонымен, осы кездесуде өнер сүйер қауымның назарын аударған суретші кім?

Бұл Валентин Михайлович Сидоров, кеңестік және орыс реалист суретшісі, оның жұмысы ерекше шынайылықпен, мейірімділікпен және адамгершілікпен ерекшеленеді. Ол жақында, 2021 жылы қайтыс болды. Музей клубының мүшелері сенбіде көріп, талқылаған фильм — суретшінің туғанына 95 жыл толуына арналды.

Кездесу өте мейірімді және шынайы өтті. «Фильмді көргеннен кейін жан-дүниене бір жылулық сезімі ұялайды және сіз өмірдің ақиқатын қайта ашқандай боласыз», — деп музей қызметкері Наталья Неделькина, өз пікірімен бөлісті.

Біз жаңа оқу жылын және жаңа қызықты кездесулерді күтеміз.

Әзірге – көңілді, жылы жаз тілейміз сіздерге!