Жаңалықтар

Қазақстанның қазіргі заманғы білім беру саясаты өзінің маңызды бағыттарының бірі ретінде ерекшілігі бар және мүмкіндігі шектеулі оқушылар мен студенттерді қоса алғанда, барлығына тең білім беру мүмкіндіктерін беруді қарастырады. Білім берудің қолжетімділігін кеңейту тек білім беру мекемелеріне ғана емес, мәдениет мекемелеріне де қатысты. Абай облысының Семей қаласының Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі осы бағытта әртүрлі қызмет түрлерін ұсынады. Мұндай қызметтерді жүзеге асыруды мамандандырылған музей жабдықтары ғана емес, сонымен қатар арнайы дайындалған экскурсия жетекшілері де мүмкін етеді.

Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында, махаббат пен жылулықты, өзара құрмет пен түсіністікті, табиғат пен адамдарға деген сүйіспеншілікті растайтын тамаша мереке қарсаңында музейде жеке ерекшеліктері бар келушілер үшін кезекті іс-шара өтті. «Өнеркәсіптік дизайн» мамандығының Жоғары бизнес және сервис колледжінің 2-курс студенттерінің инклюзивті тобы музейдің кіші ғылыми қызметкері Сивашова Юлия Валерьевна өткізген экскурсия-әңгімеге қатысты. Бұл экскурсия әңгімелеу форматында өтті. Жалпы экскурсия экскурсия жетекшісінің қылқалам туындылар туралы әңгімелеуін, студенттердің жауаптарын, кенептерден алған әсерлерді, бөліскен сезімдерді қамтып, суретшілердің шығармашылығына уақыттың әсерін және түс пен оның реңктері арқылы эмоционалды күйді білдіру тәсілдерін талдаудан тұрды.

Экскурсия-әңгіме оның қатысушылары арасында жанды пікірлерге ие болды. Балалар әңгімеге белсенді қатысып, мұғалімді мұқият тыңдап, суреттерді зейін сала қарады. Бұл экскурсияда барлығы өздеріне қажет білім танымға қол жеткізіп, өнерге, бояу түстері мен сұлулық әлеміне өзінің қатыстылығын сезіне алды.