Семей қаласының 68303 ТЖМ оқу бөлімінің мерзімді сарбаздары Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде болды. Жастар музей коллекциясымен қызыға танысты. Көрермендер үшін, Көшпенді көрме ұйымдастырушылардың жұмыстары мен Қазақстанның бейнелеу өнері бөлімі ұсынылған залдар ерекше қызығушылық тудырды. Болашақ құтқарушылардың өнер саласындағы жеткілікті хабардарлығын атап өтуге болады. Жас әскери қызметшілер пікірлер кітабында музей жайлы алған ақпараттары үшін, экскурсовод Сивашова Юлия Валерьевнаға ризашылықтарын білдірді.