Невзоровтар отбасы атындағы музей қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды. Әр отбасыға бейбітшілік, жақсылық және амандық тілейміз.
Осы күнге орай біз сіздердің назарларыңызға «бір картинаның тарихы» сериясынан «Өткен заман батырлары туралы…» атты жаңа көрме дайындадық. Бұл жолы ол даңқты батыр, өз халқының қадірлі ұлы, Ұлы Отан соғысының партизаны Қасым Қайсеновты еске алуға арналған.
«Халық қаҺарманы» атағына, Отан соғысы және Богдан Хмельницкий ордендеріне,
сондай-ақ басқа да марапаттарға ие болған. Қасым Қайсенов жазушы ретінде де танымал,
оның шығармаларын соғыстан кейінгі уақыттың балалары оқып өскен.
Қасым-Ұлы Отан соғысының ең қиын кезеңдері, қарапайым сарбаздардың шексіз батырлығы шынайы суреттелген көптеген шығармалардың авторы. Көрмеге жазушының «Өнегелі өмір», «Жау тылында», «Народные мстители», «Партизанские тропы» атты кітаптары қойылды.
Есімі аңызға айналған партизанның образы тек әдеби шығармалар мен кинода ғана емес, бейнелеу өнерінде де мәңгі сақталады. Қайсеновтың образы қазақстандық график-суретші Николай Гаевқа да жақын болған. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде Николай Степанович сұрапыл соғыс жылдарының барлық ауыртпалықтары мен қиыншылықтары туралы тек естуі бойынша ғана біліп қана қоймаған.
Николай Степанович — қазақстандық ірі кітап шеберлерінің бірі ғана емес, станоктық графика шеберлерінің бірі болған.
Музейдің жинағында 1968 жылы салынған шебердің «Қасым Қайсеновтың портреті» офорты сақтаулы. Ол шынайы түрде жасалған. Николай Гаев көзі тірі кезінде аты аңызға айналған адамның терең психологиялық образын бейнелеген.
«Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой…», – деп Тәуелсіз Қазақстанның әнұранында шырқалады. Ұлы дала батырларының, қазақ халқының даңқты ұлдарының, туған Отанын қорғаушы батырларының есімдері – Алтай таулары сияқты биік, Ертіс суы сияқты буырқанған, Сарыарқаның жазықтығы сияқты кең байтақ Қазақ Елі қанша жасаса, туған халқымен бірге сонша уақыт халық жадында мәңгі сақталатын болады!