Клубтың кезекті кездесуі. Киіз басу техникасындағы мастер-класс
Шошқа бақташысы туралы ертегі есіңізде ме? Онда ханзада кішкентай ханшайымға тірі раушан гүлін сыйлады, ал ол жасанды раушан гүлін алғысы келеді. Бірақ тірі раушан гүлі хош иіс пен өмірге толы. Ертегіде тірі раушан гүлі жасандыдан жақсы делінген. Бұл, әрине, осылай, бірақ күз келеді, күндер өтіп, тірі раушан гүлі де қурайды. Оның жапырақтары түсіп, ол тек «құрғақ» естелікке айналады. Ал, осы сұлулықты мәңгілікке ойымызда сақтап қалсақ қой! Егер раушан гүлінің бір аптадан кейін де, бір айдан кейін де, тіпті бір жылдан кейін де адамның қолында қурап қалмайтындай жасау мүмкін болса. Ол әрқашан көзді қуантып, айналасын әсемділікке бөлесе.
Бұл мүмкін. Егер өнерлі шебер істі қолға алса. Бұл жолы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде өнер сүйер қауым клубының кезекті кездесуінде іске асты. Қолөнер шебері Айгожина Гүлмира Мұхамедқызырқызы, өз шеберлігінің құпияларын клуб қатысушыларымен бөлісті.
Экранда көрсетілген презентация, Гүлмира Мұхамедқызырқызының түсіндірмелері, оның жұмысының мысалдары жаңадан бастаған «қолөнершілер» үшін үлгі де, шабыт та болды.
Уақыт көзді ашып жұмғанша өте шықты. Жүнмен жұмыс істеудің қызықты процесі, керемет нәтиже осы «сиқырлы әрекетке» қатысушыларды баурап алды және ерекше әсер қалдырды.
Көңілі қалған адамдар болған жоқ. Әрбір қатысушы өзінің бір қалаған затын, өз гүлін, өзінің сұлулығын жасады, ол енді мәңгілікке қалады. Осы гүлден басқа, шеберлік сабағына қатысқандардың барлығында одан да құнды нәрсе: кейінірек қолдануға болатын шеберлік пен білім қалады.