2015 жылдың 3 қарашада  ШҚО  Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орайластырылған XII  орыс халық сәндік-қолданбалы өнері фестиваль шеңберінде көрме ашылды.

Осы жылы дәстүрлі түрде  аймақтың танымал шеберлері өздерінің жұмыстарын және өз шығармашылық жолдарын жаңа бастаған жас авторлар да ұсынды.  Көрме көрермендері сексенге жуық  автордың  екі жүзден астам  экспонаттарын көріп тамашалады.  Олардың ішінде Семей қаласы, Шемонаиха кенті, Усть-Таловка және жақын ауылдарының  қолөнершілері бар.

Жұмыстар: городец, хохлома өрнектері, дымков ойыншықтары, ағаштан ою, тұзды қамыр, папье-маше, газет түтікшілерінен өру, аппликация, қатырылған пластик, батик техникасында орындалған. Сонымен қатар бисермен өру, бізбен тоқу, қайынның қабығында орындалған сурет, ағаш, шыны және керамика бетінде салынған суреттердің сан түрлілігі.

Биылғы  жылғы көрменің ерекшелігі қатысушылар арасында жас авторлардың көптігі, яғни балалар шығармашылығы бір саты көтерілді, өнер мұражайында кәсіби түрде өткізілетін көрмелерге олардың жұмыстары көрермен назарына ұсынылды.

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы халық қолөнерін насихаттаушы орталығы ретінде танылуда. Биылғы жылы үшінші рет қазақ халық сәндік-қолданбалы өнер көрмесі қызығушылықпен өтті. Осы көрмеге қолданбалы өнер  шеберлерімен қатар жас шеберлер де қатысушылар қатарын толықтырды.

Енді мұражай орыс халық шығармашылығын сүйетін және табынатын көрерменді шақыруда.