Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейінің балалар көркемсурет студиясының есептік көрмесін өткізу дәстүрі қалыптасқан. Оны балалар асыға күтеді. Дайындалады. Суретттерін аяқтауға асығады.
Қазіргі уақытта 50-ден астам жұмыстар «Көңілді палитра» көрмеге түрлі кескіндеме, графика, батик техникасында ұсынылған. Балалардың тоқтаусыз шығармашылығына қандай ғана тақырыптар бағыныңқы емес десенізші! Ұлы Отан соғысы тақырыбы Ильясова Нурай (10 лет), үй жануарларына деген сүйіспеншілік тақырыбы Кузнецова Алиса (11 лет), Абылайхан Нурай (10 лет), Ефремова Алина (14 лет), Жаныбекова Дарина (9 лет), Бейсенбина Сабина (13 лет), Ильясова Нурай (10 лет) жұмыстарында қозғалып отыр. Мұнда сіз күннің шығуы мен пейзаждарды, саябақта көңілді көңіл көтеруді, аспанға баратын көпірді, жұмбақ дайвершаны, туған подъездіңізді және де сүйікті кітаптарыңызға иллюстрацияларды көре аласыз. Әрине, осы кереметтің артында педагог Тюребаев Манат Саясатовичтің үлкен жұмысы тұр – оған деген балалардың ризалығы шексіз. Әйтпесе, шығармашылық жұмыс болмайды!
Көрменің ашылуы – сол күнге балаларға дайындалған күтпеген жалғыз ғана нәрсе емес еді. Музей қызметкерлері жаңа «Шұбар тауық» деп аталатын жаңа интерактивті ойын дайындады. Әрине, ойын атауының өзі де балалардың езуіне күлкі үйірді. Бірақ қатысушылар 8 деңгейден және әр деңгейде қиындатылған тапсырмалардан өту керектігін білген кезде, көңіл-күйлері өзгерді, бірақ ойынды аяқтауға қызығушылық пен ынта-жігерлері көмектесті, тіпті барлық 8 деңгейден өткен жеңімпаздар да болды. Ойынға ата-аналар мен балалар да қатысса да, жеңімпаздар студия оқушылары атанды. Оларға музей туындыларының репродукциялары бар естелік открыткалары табысталды.
Ойынды аяқтағандар экспозалға жиналды, онда оларға сурет салу ұсынылды. Сіз нені салу деп ойлайсыз? Бақыт құсын! Қатысушылардың қолында қағаз және гуашь болды. Музейге келген барлығы: ата-аналар, студия оқушылары, кіші апа-сіңлілер мен бауырлары сурет салуға қатысты.
Соңында барлық студия оқушыларына «Көңілді палитра» көрмесінің қатысушылары сыйға – гуашь жиынтығын алды.
Бұл күні музейге Өскемен қаласының орта мектептерінің көптеген оқушылары келді. Бұл экскурсияларды «Togas intourservice» туристік компаниясы ұйымдастырды.
Мереке сәтті өтті!