Жаңалықтар

Төлеуғазы Байғалиевтің

жеке көрмесі

 

Музейіміздің бүгінгі қонағы өте қызықты суретші Байғалиев Төлеуғазы Баяндыұлы. Оның 400-ден астам туындысы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің көне ғимаратындағы екі залдың қабырғаларын безендірді. Әрбір сурет көрерменді туған жерге деген ерекше ғашық көзқарасымен қарсы алады. Көрменің «Отан» деп аталуы бекер емес.

Төлеуғазы Байғалиев 1963 жылы Чарск қаласында дүниеге келген, 1985 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының графика факультетін бітірген, содан бері туған жерге деген сүйіспеншілік оның өмір бойына жалғасады. Көрмеде алуан түрлі жұмыстар бар: Жеңіс саябағындағы қар басқан алаң, Семейдің тыныш аймақтары, қысқы ұйқысынан оянған Ертіс, бірақ көрменің ерекше тақырыбы – «365» күн сериясы. Әрбір нобай табиғаттан жазылған. Ал картонның кішкентай бөліктерінде бейнеленген табиғат тіршілігі суретшінің бір жыл өмірін бірге кешуге мүмкіндік береді.

Табиғат Байғалиевтің шығармашылығында әртүрлі көрініспен берілген. Мұнда жарқын бояу түстерімен төбе арасында жол қарайып жатыр, ал орман мен көгалдар нәзік рәуіштілігімен жазылған. Бірақ мүлде басқа, ерекше нәрсе де бар. Қытай шеберлері сияқты жұмсақ, кең қылқаламмен және қара сиямен суретші көкжиекті және өзеннің бір бұрылысын, жағадағы бұталарды және сұр аспан фонындағы ағаштар алқабын салады. Табиғат, әрқашан және барлық жерде табиғат, барлық жерде Отан, туған жер.

Төлеуғазы Баяндыұлы көптеген марапаттар мен атақтардың иегері: Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі, Ресей Суретшілер кәсіптік одағының (ПСХР) мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері. Оның туындылары: Қырғыз Республикасының Ұлттық музейінде, Шанхай өнер университетінде (Қытай), Ресейде, Украинада, Кореяда, АҚШ-та жеке коллекцияларда сақтаулы.

Бұл суретшінің мерейтойлық және музейіміздегі алғашқы жеке көрмесі.