2015 жылдың 10-сәуір айында ШҚО Невзоровтар бейнелеу өнері мұражайында Семей қаласының кафедральдік шіркеуіндегігі Жексенбілік мектеп балалары жұмыстарының көрмесі ашылды.

Әрқашан  жарық пен жылылыққа толы Пасха мерекесіне арналған жұмыс. Пасха – Иисус Христостың қайта тірілуіне арналған ежелгі христиан мейрамы. Пасха- дәстүрлі жөн жоралғыларға бай  мейрам. Сан алуан ұннан жасалған тәтті тағамдар және де түрлі түсті бояуға боялған жұмыртқа өз әсемдігімен таң қалдырады.Осы күндері барлық үлкендермен балалар шіркеуге барып, рухани жан  тазалығына ие болады. Пасханың алғашқы күні сыңғырлайтын қоңырау үні, Құдайға мінәжат ету белгісі.

Осы берекелі күннің маңыздылығын кішкентай суретшілерде сезінеді. Жас суретшілер пәк жүректерінен және шынайы көңілдерінен шыққан сурет жұмыстарын ұсынып отыр.