Жаңалықтар

Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің залдарындағы интеллектуалды ойын

Жуырда бүкіл ел Қазақстан Республикасының күнін атап өтеді. Ал, музей бұл мерекені бірнеше мәдени шаралармен – бұл «Ертістің көркем бояулары» көрмесі және қаламыздың электротехникалық колледжінің «Ұлы Дала» өлкетану клубының қатысушыларына арналған «Патриотизмге арналған тест» интеллектуалды ойынымен қарсы алады.

«Қазақстан тарихы туралы әңгімелесу», «Мәдениет туралы әңгімелесу, «Әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер туралы әңгімелесу» … — мұның бәрі музей залдарында, иллюстрациялар, көбінесе қазақстандық суретшілердің қылқалам туындыларының мысалдарында өтеді.

Түрлі тапсырмалар Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері жайылы теориялық ақпаратпен ұштаса отырып, ойынды қызықты әрі танымды етті. «ҚазССР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация» қашан қабылданды және ол нені жариялады?  Дәстүр мен тарих қазақстандық суретшілердің шығармашылығында қалай көрініс тапты? Ойында осы және басқа да көптеген тақырыптар қамтылды. «Ұлы Дала» өлкетану клубының қатысушылары сұрақтарға жауап іздеп, суреттер бойынша пазлдар құрастырып, музей залдарының туындыларын зерделеді.

Уақыт зымырап өтті. Тірі әсерлер қалып, «білім қоржыны» толықтырылды. Біздің мерекеміз сәтті өтті!

Келе жатқан Қазақстан Республикасының күнімен, қымбатты отандастарымыз!