Музей қорында белгілі орыс суретшісі Николай Петрович Богданов-Бельскийдің (1868-1945) – екі жұптық «Вельц жұбайларының портреті» жұмысы сақталған, 1903ж. Шебер тұрмыстық суреттердің авторы ретінде белгілі, мысалы, оның «Ауызша есептеу» (1895), «Мектеп есігінің алдында» (1897), «Шығарма» (1903) кеңінен танымал. 1900 жыл басынан бастап Богданов-Бельскийдің шығармашылығында салондық портрет үлкен орын алады. Ресми еуропалық үлгіде орындалған музей портреттері бір түстер гаммасында жазылған. Қызыл, ақ және қара түстер оларға аса салтанаттылық береді.
Франц Августинович Вельц — белгілі кәсіпкер. 1869 жылы 15 жасар бала ағасымен бірге 1830-ші жылдары датчанин Г.И. Паллизенмен бор сататын кәсіпорын түрінде құрылған Петербург сауда фирмасына қызметке қабылданды. 1881 жылы Вельц фирманы басқарды. 1898 жылы фирма «А. Вельц» сауда үйі (немере шөбересі Ф.А. Вельцтің есімімен) серіктестігі болып қайта құрылды. 1914 жылға қарай фирманың айналымы 5 млн. рубльден асты. Сауда үйі Ресейдің өнеркәсіп кәсіпорындары үшін өндірістік мақсаттағы тауарлармен делдалдық сауданы жүзеге асырды.
Франц Вельцтің портреті композицияның қарапайымдылығымен, колориттің қатаң ұстамдылығымен белгіленген. Түйілген қастары мен қатаң және қадалған көздері үлкен қайсарлық бар екен көрсетеді. Біздің алдымызда батыл, тәуелсіз адам бейнесі.
Суретші сондай-ақ Франц Вельцтің креслода отырған жұбайының жан-дүниесі мен мінез сипатын аса шеберлікпен жеткізеді. Әйелдің қырағы көзқарасы, асқақ келбеті, портреттің композициясын аяқтап тұрған тізесіне қойылған қолдары оның өктемшіл және бейбітшілікті аса қолдамайтын адам екенін көрсетеді. Христина Яковлевна суретші алдында денесін бір қалыпта ұстап отыр. Кең маңдайлы сопақша беті және шығыңқы иегі оның мінезінің қаттылығы туралы айтады. Суретші портреттегі кейіпкерлердің киімдерінің бөлшектерін ерекше ықыласпен суреттеген: ақ шілтер жағасы мен манжеттері бар қара барқыт көйлек, ханымның қолындағы желпуіш; қайырма ілгектер, алтын бау, түймелер, жұбайының қолындағы сақина. Осы тапсырыспен орындалған жұмыстарында портрет салу негіздері өткір және терең беріліп отыр.
Николай Петрович Богданов-Бельский С. А. Рачинский мектебін және Троицк-Сергиевский лавра жанындағы икон жазу шеберханасын бітірді. Мәскеу кескіндеме, мүсін және сәулет училищесінде (1884-89) В.Д. Поленов, В.Е. Маковский, И. М. Прянишниковтардан оқыды. И.Е. Репиннің шеберханасында, сондай-ақ Парижде Ф. Кормон мен Ф. Колароссиден тәлім алды. Академик, көркемсурет академиясының толық мүшесі (1914), жылжымалы көркемсурет көрмелері Серіктестігінің мүшесі (1895). Оның жұмыстары Парижде (1900), Нью-Йоркте (1924) және басқа қалаларда көрмеге қойылды.