Жаңалықтар

Елімізге Наурыз мерекесі келіп жетті. Әр күннің өзіндік мәні бар. Бүгін біз ізгіліктің бір ізі алғыс айту туралы сөз қозғаймыз. Алғыс айту – бұл ерекше сезім. Алғыс айта білген адамның өмірі жайлы болады. Біз бір-бірімізге қаншалықты көп алғыс айта жүрсек, жанымыз соғұрлым жеңіл болады, бір-бірімізге деген мейірімділік пен ілтипатымыз артады.
Бұл қарапайым шындықтар, олар барлық жерде, айналамызда. Олар туралы ата-аналар айтады, мектеп үйретеді, және, әрине, кітаптарда қамтылған халық даналығы.
Невзоровтар музейінде Наурыз мерекесінің екінші күні кітаптар мен кітап даналығына арналды. «Балаларды қолдау орталығының» балалары үшін «Кітаптар парағымен» атты квест ұйымдастырылды. Балалар музейдің түрлі іс-шараларына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Бүгін олар әдеби кейіпкерлерді еске түсірді, жұмбақтар шешті, балаларға арналған кітаптарды суреттеген суретшілер туралы әңгімелесті, сурет бойынша ертегілерді тапты, ертегі атмосферасына ене отыра, кітаптар туралы ойларымен бөлісті.
Өйткені, сіз кітап оқығанда – әлем өзгереді, сіз басқа елге ойша саяхаттайсыз, басқа адамдарды көресіз және басқа өмір сүресіз.
Балалармен ойынды музей қызметкерлері Н.А. Белякина мен Г.Ж. Сарсембина өткізді. Музей қызметкерлері балаларға өз жүректерінің жылулығын сыйлап, мейрімділікті сезіндірді. Шынында да, осы орталықта тағдыр мен жағдайдың еркіне байланысты тәрбиеленіп жатқан балалар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар.