Жаңалықтар

Абай облысы, Семей қаласында жұмыс сапарымен болған ҚР Мәдениет және спорт министрі Оралов Асхат Раздықұлы, Абай облысы әкімінің орынбасары Байбеков Шалқар Заманбекұлы, сондай-ақ Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Айдар Ибраевпен бірге бүгін Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде болды. Қонақтар батысеуропа, орыс және қазақстандық өнер залдарын аралап, музейдің реставрациялық шеберханасын көрді.

Асхат Раздықұлы Қазақстанның бейнелеу өнері бөліміне ерекше қызығушылық танытып, оның маңыздылығын бағалады.

Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі 1985 жылы ашылды. Бүгінгі таңда оның қор сақтамында 5500-ден астам экспонат бар және тек қаланың ғана емес, сонымен қатар облыстың ең танымал туристік орындарының бірі болып табылады.